Атырау қаласының әкімі қаланы абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды

/uploads/thumbnail/20180823151554316_small.jpg

Алимұхаммед Құттұмұратұлы аппараттық кеңес барысында қарамағындағыларға облыс орталығын абаттандырудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметі.

Бүгін, 30 шілдеде аппараттық кеңес барысында қала басшысы Атырау қаласын көгалдандыру мен абаттандыруға қатысты бірден бірнеше мәселе көтерді. Атап айтқанда, Алимұхаммед Құттұмұратұлы жасыл екпелерді суару, ағаштарды кесу, сәндік гүлдер отырғызу және шағын архитектуралық құрылыстар орнату мәселелерін қозғады.

- Қала тұрғындары тарапынан ағаштар мен бұталы өсімдіктерді суарудың нашарлығына өте көптеген реніштер айтылуда. Қазір орталық көшелердің өзінде қураған жасыл екпелерді байқауға болады. Суаруға арналған барлық су құбырларының дұрыстығын, су қысымының деңгейін тексеру қажет. Егер тамшылатып суару жүйесі қаламызға жарамайтын болса, онда әдеттегі су құбырын жүргізіңіздер, біздің міндетіміз – барлық жасыл екпелерді сақтау, - деп тапсырды қала басшысы қарамағындағыларға.
Сонымен қатар, Алимұхаммед Құттұмұратұлы облыс орталығының эстетикалық безендірілуінің сәнсіздігін, шағын архитектуралық кескіндерді жобалау және қаланы көгалдандыру мен сәндеу кезінде ортақ жүйенің жоқтығын бас айтты.

- Қала тұрғындары соңғы кездері қаланы безендіруге қатысты наразылықтар білдіруде, бірыңғай тұжырымдама жоқ. ТКШ бөліміне қаланы көгалдандыру және абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Облыс орталығын безендіруге арналған архитектуралық нысандар мен жасыл екпелер жалпы қаланың стилі есебімен орнатылуы қажет және үйлесімсіз көрінбеуі тиіс, -деді Алимұхаммед Құттұмұратұлы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына қаратып.

Оставить комментарий

Связанные Статьи