Дональд Трамп: Ердоғанның қуанышы ұзаққа созылмайды

/uploads/thumbnail/20180708163245793_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Reuter агенттігіне сұқбат берді. Сұқбатта Трамп әлемдік саяси және экономикалық мәселелер мен доллардың бағамы туралы пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталған сұқбатта Трамп түркиялықтардың долларға қатысты іс-әрекетін өте аянышты деп бағалады.

«Қазір мен бұл мемлекетті аяймын. Олардың долларға қарсылық білдіруі және АҚШ елшісін қамауға алуы өрескел қателік болды. Енді шегінуге жол жоқ. Ал АҚШ елшісі Брансон біздің патриотымыз болып қала бермек. Түркияның экономикалық жағдайы мені алаңдатпайды және маған еш қатысы жоқ.  Әзірге санкция мәселесі туралы нақты пікір білдірмеймін. Мен Түркияны жақсы көремін! Түркиядағы қарапайым халық маған ұнайды. Ердоғанмен де жақсы саяси қарым қатынаста болғанбыз, бірақ бұл біржақты келіссөздің болатынын білдірмейді», — дейді Трамп.

Сұқбат барысында Дональд Трамп түрік лирасының 38%-ға құнсызданғанын ескерте кетті. Сонымен бірге Катар мен Түркияның өзара валюта айырбастау туралы келісімі Ердоған үшін қуанышты жаңалық екенін, алайда бұл қуаныштың ұзаққа созылмайтынын айтты. Себебі алдағы уақытта доллар бағамының жан жақты қыспаққа алуы Ердоғанның қуанышын су сепкендей басады-мыс.

Оставить комментарий

Связанные Статьи