Партияның жаңа жобалары – біркүндік акция немесе кеңселік шаралар емес, партия мүшелерінің еңбегі нәтижесінде қазақстандықтардың өмірі мен тұрмысы жақсаруы тиіс. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова Қарағандыда өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумында айтты.
Аймақтық форумға Қостанай, Қарағанды облыстары және Астана, Алматы қалаларынан ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аумақтық филиал төрағаларының орынбасарлары, барлығы 250-ге жуық партиялықтар қатысуда.
Форумның бірінші күні 4 секциялық жұмыс жүргізілуде. Секцияларда партия қызметін жаңғырту жұмыстары аясында қолға алынған «Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру» тұжырымдамасы, партия қызметін жаңғырту жұмыстары аясында қолға алынған цифрландыруды жүзеге асыру, партия кадрлық резервін жандандыру, партияның талдау және сараптау әлеуетін арттыру, бірқатар нақты бағыттар бойынша бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру бағыттары талқылануда.

Форум барысында Партия Хатшысы осындай форумдар тағы да еліміздің 2 өңірінде ұйымдастырылатын атап өтті.
- Аймақтық форумда бас қосқан бастауыш партия ұйым өкілдерінің «жаңа тұжырымдама» бойынша айтылған ұсыныстары, пікірлері жинақталып, осы жылдың аяғында Астанада өтетін республикалық БПҰ-ның Форумында жарияланады, - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Айта кетсек, «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының алғашқы аймақтық форумы 22-23 тамыз күндері Шымкентте өтті.
Анықтама үшін: 2018 жылдың 1 шілдесі бойынша елімізде 1 миллионнан аса мүшесі бар 5 839 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді (БПҰ). Партия құрылымын жетілдіру мақсатында кішірек ұйымдарды ірілендіру арқылы бастауыш партия ұйымдары жүйесін оңтайландыру процесі жүріп жатыр. Бүгінгі таңда бастауыш партия ұйымдарының жалпы көлемінің 51,3% (3001 бірлік) 3-тен 100-ге дейінгі мүшесі бар, 41,6% (2432 бірлік) 100-ден 500-ге дейін мүшесі бар бастауыш партия ұйымдары құрайды.
Бастауыш партия ұйымдары жұмысын ұйымдастыруда маңызды роль БПҰ төрағасына беріледі. Тұрақты түрде БПҰ төрағаларын, партия мүшелерін әртүрлі партиялық оқу әдістермен (онлайн-оқу, семинар-тренингтер, сондай ақ жинақы) оқытылады. 2017 және 2018 жылдары 4 мыңға жуық БПҰ төрағасы білім жетілдірді.