21 тамызда Петербург қаласында белсенді әрі блогер Эдуард Никитиннің үстінен қылмыс іс қозғалды. Ресейлік азамат Эдуард Никитин 2-топтағы мүгедек. Ол ВКонтакте әлеуметтік желісіне жариялаған саясатқа қатысы бар "анекдот" аралас жазбасы үшін 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.
ССРО кезінен бері алғаш рет әзіл-қалжың үшін адамның үстінен қылмыстық іс қозғалуда. Әлеуметтік желіде бөліскен екі жазбасы үшін «Солидарность» қозғалысының мүшесі Эдуард Никитинге адамның жеке басына тіл тигізіп, қорлады деген айып тағылды.
Эдуард Никитин 1971 жылы туған, қазір ата-анасымен бірге тұрады. Қылмыстық іс қозғалған белсендінің әзіл-қалжың аралас жазбалары мен пікірлері түсініспеушілік пен қарсылық туғызған.
Эдуард Никитин 2016 жылы да тексерістен өткен. Аталған қылмыстық іс 2017 жылдың желтоқсанында қозғалған көрінеді.
«Әлеуметтік парақшама «бірнеше шиені жинағанмен тортқа айналмайды», деген мәтіндегі мемлекеттік сайлаудың нәтижесі туралы жазбаны бөлістім», - дейді Эдуард Никитин.
«Эдуард Никитин авторлығы көрсетілмеген бірнеше жазбаларды бөліскен. Жазбалардың қатарында мемлекеттегі сайлау нәтижесін сынға алған әзіл-қалжыңы аралас жазба да болған. Егер сіз еліміздегі депутаттарға, мемлекет басшысына, билік басындағы шенеуніктерге сенбесеңіз, мемлекет жақсы жағынан өзгеріп жатыр дегенге күмән келтірсеңіз «экстремизм» бабы бойынша қылмыскер болып шыға келесіз. Ал егер осы туралы әзіл-қалжың, яғни "анекдот" айтсаңыз жағдайыңыз бұдан да жаман болады», дейді Эдуард Никитиннің адвокаты.