Қарағандылық экс-полиция қызметкері өзінің жынды екенін дәлелдей алмай жүр

/uploads/thumbnail/20180723153307284_small.jpg

Қарағандыда адам өлтіріп, алқа билердің шешімімен 19 жылға сотталған полиция қызметкері апелляциялық арыз түсірді. Бірінші сотта-ақ 22 жастағы полиция сержанты ақыл есінің кемдігін айтып, өзін жындыханаға жіберуді сұраған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  КТК телеарнасы дерегін негізге алып. 

Биылғы жылдың 1 мамырында полиция сержанты Нұрсейіт Қалдыбаевты арнайы жасақ құрықтап жатыр. Тергеу мәліметінше ол 30 шы сәуірде «55 ші тайота камри» көлігін саудалап жүрген Қарағанды тұрғынымен сатып алушы ретінде кездескен. Марқұм көліктің әр жерін көрсетіп жүргенде, сержант қызметтік тапаншасымен әлгінің басына оқ атыпты. Өлі денені айдалаға лақтырып тастап, марқұмның көлігімен патрульдік полктегі жұмысына қайта оралған. Қолға түскенде кінәсін толық мойындағандықтан, сот процесі де жылдам жүрді. Бірақ қорғаушысы оның ақыл есінде ауытқуы бар дегенді алға тартып, экс полицейді психиатриялық ауруханаға жатқызуды сұраған.  Алайда, полиция қатарында қысылмай ақ жүрген Қалдыбаевтың ағзасында ақау бар дегенге алқа билері сенген жоқ.

Гүлбаршын Жітікова Қарағанды облыстық сотының баспасөз хатшысы:

- Қалдыбаевты адам өлтіру, қаруды заңсыз пайдалану және ұрлық бабы бойынша алқа билері оны кінәлі деп тапты. Сот шешімі заңдық күшіне енген жоқ. Сондықтан ол апелляциялық арыз беруге хұқылы.

Связанные Статьи