Қостанайда 14 жастағы жеткіншек не үшін өзіне қол жұмсағаны белгілі болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Осыдан бірнеше күн бұрын 14 жастағы жеткіншек 9-қабаттан секіріп кеткен. Ол ауруханаға жеткенше тірі болған алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
“25 тамызда 9-қабаттан жас қыздың терезеден секіріп кеткенін туралы хабар түсті. Ол әпкесімен жанжалдасып қалғандықтан өзіне қол салу ұмтылған. Ауруханаға жетер жолда мерт болды”, – делінген Төтенше жағдайлар қызметінің хабарламасында.