Алматыда оқушылардың мектепке дайындығы жайында брифинг өтті

/uploads/thumbnail/20180829101907088_small.jpg

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Молдағасимова Айзат Балтағұлқызы бұзушылықтар фактілері бойынша 1 539 200 теңге көлемінде 48 айыппұл салынғаны жайында айтты.

Оның айтуынша, Алматы қаласының  қоғамдық денсаулық сақтау Департаментің аудандық басқармаларының мамандарымен  242 жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер өткізілген, тексеру барысында объектілердің санитарлық-техникалық және санитарлық - гигиеналық жағдайына байланысты анықталған фактор бойынша - 131 айыппұл салынған.

Негізгі бұзушылықтар мектептердің шамадан тыс толуы,  санитарлық - техникалық аспаптардың ақаулығы,  су құбыры және канализациялық құбырлардың ақаулығы, бөлмелердің едендердегі ақаулығы, оқу бөлмелерінің жасанды жарығының  жеткіліксіздігі, эл. шамдарды уақытылы ауыстылмауы, кесте жасағанда талаптардың  бұзылуы, дайындалған зертханалық - аспаптық зерттеулер нәтижелері  субъектілерге берілді 125 ұйғарым нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалары  (79 ұйғарым орындалған), 17 адам жұмыстан босатылған  (Алатау ауданында № 41,181,178 мектептерде медициналық тексеруден өтпегендері үшін), Наурызбай ауданының №157 мектебінің шамадан тыс толуы қатысты тексеру материалдары,  Әуезов ауданындағы жеке меншік  " Ғалым"  мектебінің нұсқамалардың орындамауы  туралы материалдар сотқа жіберілді.

Білім беру объектілерімен мектепке дейінгі объектілерідің дайын өнімдерінің микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік  өсуі байқалады. Сәйкес келмеуінің себептері: тағамды дайындау технологиясы мен сақтау шарттарын бұзылуы, дайын тамақтың ластану (4,1-ден 8,9 дейін).

Алмалы ауданы бойынша стандартқа сай емес тағамның сынамалары (ДУВЦ Балбөбек, асхана ЖОО КазАТиСО, Абай атындағы ҚазҰПУ атындағы қазақ Жүргенов атындағы ҚазӨА), Әуезов ауданы бойынша (№ 36, 50, 55, 48, 44, 58, 52, 42, 46, 60, 154,159, 174, 178 балабақшалары, ЖШС "Карамелька" балабақшасы, арнайы девиантты балаларға арналған ұйым, № 4мектеп- интернаты, № 141 мектеп асханасы (ЖШС " Қоғамдық тағамдану орталығы"), АЛ «Білім инновация для девочек», АЛ «Білім инновация для мальчиков»), Жетісу ауданы бойынша (ТОО "Казфуд" №110 мектеп асханасы, ЖК Маркабаева № 101мектеп асханасы, ЖК Мукашова № 109 мектеп асханасы, бала-бақшалар №175, 128, 97, 162,103, 94, ЖШС "Мадина-27", "Ай-Лау",  жеке меншік балабақшалар "На Джангельдина", «Біленемін»), Медеу ауданы бойынша (балабақшалар № 5, 26,114,125, 157), Наурызбай ауданы бойынша ("Эдельвейс" балабақшасы, "Самай"мектеп асханасы). Бұзушылықтар фактілері бойынша ұйымдардың басшылары мен кәсіпкерлік субъектілеріне 1 539 200 теңге сомасымен 48 айыппұл салынып, 48 - ұйғарым берілген-деп сөзін аяқтады департамент басшысы А.Молдағасимова.

Связанные Статьи