Қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығының қызметі Психикалық денсаулық орталығы өз жұмысында келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
1."Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің" (06.04.2015жылғы жағдайына қарай өзгертулері және толықтыруларымен) 21-тармағын - "Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету";
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасы бойынша Алматы қаласының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық»" аймақтық іс-шаралар жоспарын;
- 2018 жылға арналған «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы наркологиялық патологиялардың алдын алу және оларды ерте анықтау бойынша іс-шаралар жоспарын;
- «Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2184Заңын;
- «Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған науқастарды есепке алу, бақылап-тексеру және емдеу қағидалары туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1083 бұйрығын .
01.07.2018 жылға Алматы қаласы бойынша ПСО есебінде 6952 адам тұрады, көрсеткіш 100 мың халық санына шаққанда 391,3 адамға тең, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9,8%-ға төмен (7711 адам- 439,9), олардың ішінде кәмелетке толмағандары - 8, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіш 1,5 (24 адам-5,5). Сонымен қатар маскүнемдікпен есепте тұратындар саны - 5323 адам, бұл 2017 жылдың салыстырмалы кезеңінен 11,3%-ға төмен (6002 адам), олардың 3-еуі кәмелетке толмағандар, (2017ж.-17); нашақорлықпен – 1629 адам, бұл 2017 жылдың салыстырмалы кезеңінен 4,1%-ға төмен (1700 адам), олардың 5-еуі кәмелетке толмағандар (2016ж.-7).
2018 жылдың бірінші жартыжылдығында алғаш рет есепке алынғандар саны 340 адам, 100 мың адам санына шаққандағы көрсеткіш саны 19,1 тең, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 19,0%-ға төмен (420 адам- 24,0), олардың 5-еуі кәмелетке толмағандар (2017ж.-12). Сонымен қатар маскүнемдікпен есепке алынғандар 255 адам (2017ж. –321), олардың ішінде кәмелетке толмағандары - 2 (2017ж.-8); нашақорлықпен – 85 адам есепке алынған ( 2017ж. –99), олардың 3-еуі кәмелетке толмағандар (2017ж.-4).
2018 жылдың І жартысында диспансерлік науқастар арасынан 701 адам есептен шығарылды, олардың ішінде «маскүнемдік» диагнозымен 575 адам, нашақорлық» диагнозымен – 126адам.
Олардың:
- «сауығуына байланысты» - 342 адам (49,0%);
- «мәліметтердің жоқтығына байланысты»– 106 адам (14,8%);
- «кетуіне байланысты» - 31 адам (4,4%);
- «ББАО кетуіне байланысты» - 10адам (1,4%);
- «бақылау есебінен диспансерлік есепке өтуіне байланысты»-4 адам (0,5%)
- «кәмелетке толуына байланысты»-1 адам (0,1%)
-«диагнозының өзгеруіне байланысты»-9 (1,3%)