Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Сейтенов Ержан Іргебайұлы айтты.
Оның айтуынша, басқармамен 2018 жылдың І жартыжылдығында барлығы 547 жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 515 Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 23 364 490 теңгеге айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды, олардың ішінде:
- 58 – мемлекет меншігіндегі жерді өз еркімен басып алғаны үшін, олар бойынша Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 136 бабы бойынша 15 812 820 теңге сомасына айыппұл салынды;
- 13 – жер учаскесін нысаналы мақсатын бұза пайдаланғаны үшін, олар бойынша ӘҚБтК 339 бабы 1 тармағы бойынша 480 970 теңге сомасына айыппұл салынды;
- 6 – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланбағаны үшін, олар бойынша ӘҚБтК 338 бабы бойынша 7 070 700 теңге сомасына айыппұл салынды. ӘҚБтК талаптарына сәйкес 160 әкімшілік іс бір өндіріске біріктіріліп, 1 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарылғанын атап өту қажет;
- 279 – нысандар құрылысы үшін берілген жер учаскелерін пайдаланбағаны үшін, олар бойынша жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану бойынша шаралар қабылдау жөніндегі нұсқамалар берілді. Аталған заң бұзушылық үшін әкімшілік айыппұл көзделмеген.
Салынған 77 әкімшілік айыппұлдың:
- 13 864 825 теңге сомасына 35-і өз еркімен төленген;
- 9 499 665 теңге сомасына 42-сі мәжбүрлеп өндіруге сот орындаушыларға жолданды.
Сонымен қатар, Басқармамен Алматы қаласының соттарына жеке және заңды тұлғаларға тиесілі нысандар құрылысы үшін берілген пайдаланбай жатқан 78 жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыздар берілген-деп атап өтті Е.Сейтенов.