Алматыда Боранбаева Риза Зұлқайнарқызының қатысуымен брифинг өтті

/uploads/thumbnail/20180829103812606_small.jpg

2018 жылдың І-жартыжылдығында нәрестелер өлімі 2,4%-ға төмендеді.

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Боранбаева Риза Зұлқайнарқызы айтты .

Оның айтуынша, 2018 жылдың 6 айында нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 2,4%-ға төмендеп 8,2‰-ды құрады (2017 жылдың 6 айында – 8,4‰). Көрсеткіштері республикалық мәннен жоғары деңгейде қалып отырған өңірлер: Қостанай облысы  - 13,0‰, Солтүстік-Қазақстан – 12,3‰, Ақтөбе облысы – 10,0‰, Атырау облысы – 9,8‰, Маңғыстау облысы - 9,6‰, Алматы облысы – 9,4‰,  Шығыс-Қазақстан - 9,4‰ және Оңтүстік-Қазақстан облысы – 8,7‰.

Нәрестелер өлім-жітімінің жас ерекшеліктері бойынша құрылымына талдау жасаудың көрсеткені - 32,6%-ды (2017 жылдың 6 айында – 35,8%) ерте неонатальдық өлім-жітім құрайды, 23,5%-ды (2017 жылдың 6 айында – 24,2%) кеш неонатальдық өлім-жітім және 43,9%-ды (2017 жылдың 6 айында – 40%) постнеонатальдық өлім-жітім құрайды.

Нәрестелер өлім-жітімінің себептері құрылымында жетекші орындағылар – перинатальдық кезеңде туындағандар - 53,4% (2017 жылдың 6 айында – 53,7%), туа біткен даму ақауынан (әрі қарай - ТДА) – 20,8%  (2017 жылдың 6 айында – 24,3%), инфекциялық-паразитарлық аурулардан – 5,4% (2017 жылдың 6 айында – 4,3%),  тыныс алу органдарының ауруларынан -  4,8% (2017 жылдың 6 айында – 4%) және бесінші жетекші орында жазатайым оқиғалардан - 4,2% (2017 жылдың 6 айында – 4,7%).

Перинатальдық кезең жағдайының құрылымы келесі патологиялармен ұсынылды: 1-ші орында – тыныс алу және жүрек-қан тамырларының бұзылыстары – көрсеткіші 67,1% (2017 жылдың 6 айында – 65,5%). ЕНК (ерте неонаталдық кезең) – 78,2%, КНК (кеш неонаталдық кезең) – 50,2%. Соның ішінде:

  1. Дистресс-синдром – 55,6% (ЕНК – 53,2%, КНК – 61,4%)
  2. Туа біткен пневмония -23,3% (ЕНК -20,9%, КНК – 29,0%)
  3. Асфиксия -12,9% (ЕНК – 16,3%, КНК – 4,8%)

2-ші орында перинатальдық кезеңге тән инфекциялық аурулар тұр – 16,2% (ЕНК – 8,6%, КНК – 27,7%), оның ішінде сепсис – 80,5% (ЕНК – 81,6%, КНК – 80,0%). Жатырішілік пневмония және инфекциялық аурулардың даму жиілігі ана денсаулығының төмен индексіне және олардың зәр-жыныс жолдарында қабынбалы аурулардың болуына тікелей байланысты.

 3-ші орында – геморрагиялық және гематологиялық бұзылыстар – 10,7% (ЕНК – 8,6%, КНК – 13,8%). Оның ішінде бас сүйек ішілік және жарақаттанудан емес қан құйылулардан 89,7% (ЕНК – 86,8%, КНК – 92,5%).

Босанудан алған жарақаттан нәрестелер өлім-жітімінің 1,4 есеге өсуі алаңдатады, 2017 жылдың 6 айындағы 0,8%-дан 2018 жылдың 6 айындағы 1,1%-ға.  Босанудан алған жарақат салдарынан нәрестелер өлім-жітімі келесі өңірлерде тіркелді: Оңтүстік-Қазақстан облысында (2 бала – 3,0%), Астана қаласында (1 бала – 4,8%), Қарағанды облысында (1 бала – 3,2%) және Алматы облысында (1 бала – 1,8%). 2017 жылдың І жарты жылдығында Астана қаласында ерте неонатальдық кезеңде босанудан алған жарақаттан бала өлімінің тағы 1 жағдайы тіркеліп 5,5%-ды құрады.

Неонатальдық кезеңде нәрестелерден айырылып қалудың себептеріне жүргізілген талдау осындай босанудан алған жарақат, дистресс-синдром, асфиксия және жатырішілік пневмония тәрізді басқаруға келетін нәрестелер өлім-жітімінің алдын алуға болатынын көрсетті және ол жүктілікті, босануды қарау тәсілдеріне, нәрестелерге дер кезінде адекватты, дұрыс реанимация жасап және қарқынды ем жүргізуге байланысты-деп сөзін аяқтады Р.Боранбаева.

Связанные Статьи