Алматыда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының өзекті мәселелері талқыланды

/uploads/thumbnail/20180829111256733_small.jpg

2018 жылы 27 тамызда ЖОО-ы, кәсіби орта оқу орындары, Алматы қаласы білім басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемкорпорациясы өкілдерінің қатысуымен Алматы қаласы әкімі аппаратында «дөңгелек» үстел болып өтті. Кездесуде өз шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін неғұрлым электронды түрге өткізуді талап ететін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өзекті мәселелер қарастырылды.

Осы мақсатта, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен (далее - Департамент) ХҚКО-нда халыққа қызмет көрсету сапасын бақылау кезінде студенттердің көп бөлігінің ХҚКО-на электронды анықтамалар алуға жүгінгендігі анықталды. Студенттермен анықтамаларды алу үдерісіні оңтайландыру және барлығын электронды қолтаңбамен қамтамасыз ету мақсатында Департаментпен барлық оқу орындарының басшыларына жаңа оқу жылының басталуына орай студенттерге қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырылды. Жақын арада осындай орталық Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық университеті ашылуы жоспарлануда. Сонымен қатар, қаланың әрбір ХҚКО-на келісімі бойынша студенттерге қызмет көрсету орталықтарына өз қызметкерлерін оқыту үшін жолдау және анықтамалар алу үшін ХҚКО-на жүгінген тұлғалар туралы мониторнг жасау тапсырылды.

Отырысқа қатысқандар үшінші тұлғалар арқылы анықтамалар алу сервисінің мүмкіндіктері туралы, мемлекеттік қызмет алудың жаңа мүмкіндіктері туралы студенттердің ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын арттыруға ерекше назар аударды.

Связанные Статьи