Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасының тұсаукесері өтті

/uploads/thumbnail/20180829111744001_small.jpg

Алматы қаласы индустриялық аймағының инвесторлары «Protecting Business and Investments»бағдарламасының қорғауында.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі, Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі және Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрліктерінің өзара қатынастарын нығайту мақсатында инвесторлардың заңды қызығушылықтары мен құқықтарын, проблемалық сұрақтарды шешу үшін «Protecting Business and Investments» бағдарламасы қабылданды.

Бүгінгі таңда «Алматы – индустриялық аймақ» алаңында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастамасымен, «Атамекен» ҰКП, «Қазақинвест» АҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалы, Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірлесе, «Алматы – индустриялық аймақта» өз қызметін іске асыратын кәсіпкерлермен кездесу өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасының тұсаукесері өтті. Индустриялық аймақта бастапқы саладағы жобалар іске асырылуда: машина жасау, тағам, құрылыс, фармацевтикалық, химиялық, жеңіл өнеркәсіп. Инвесторларға жер телімдерін беру, инженерлік желілерді қосу жеңілдіктерімен қоса, іске асырылып жатқан жобаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу қызметі бірге жүреді.

«Біздің департамент пен «Қазақинвест» АҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалымен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстар оң нәтижесін беруде. Проблемалық сұрақтар туындаған компаниялардың мәселелері ағымдағы заңнамаға сәйкес оң шешім табуда. Сонымен қатар, бизнесті іске асыру сұрақтары туындаған жағдайда, кәсіпкерлер төмендегі байланыс телефондарына хабарласуларыңызға болады: «Қазақинвест» АҚ-ның фронт-офисі 325-88-90, қоғамдық бақылау картасы 8707-474-14-24, бірегей республикалық хабарлама орталығы 1424» Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы қаласы бойынша басшысының м.а. Г.Данияров хабарлады.

Аталған жобаны іске асыру аясында оң әсер қалдыруда, бизнес ортасында да үлкен қызығушылық танытуда.

Кездесу барысында бизнес ортадағы сыбайлас жемқорлыққа моделдерінің іс-әрекетінің тұсаукесері өтті, инвестициялық қызметтегі әкімшілік кедергілерді азайту және оларды шешу жолдары, инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу мақсатында құрылған «Қазақинвест» АҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалындағы фронт-офисінің жұмысымен танысты.

Связанные Статьи