Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың пәтер кезегіне тұру мәселесі қаралды

/uploads/thumbnail/20180829112052668_small.jpg

2018 жылдың 9 тамызында Алматы қаласының әкімдігі ғимаратында Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында мемлекеттік қызмет саласында Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылды.

Отырыста азаматтардан тұрғын үй кезегіне тұра алмауына байланысты шағымдарының түсуі, мемлкеттік бағдарлама бойынша үй алу туралы бірқатар сұрақтардың болуы қарастырылды. Сонымен қатар, Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің назары Департаментпен талдау барысында анықталғансыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне аударылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін сақталуын, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, статистикалық ақпараттарды тексеруді және мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй алуға статистикалық ақпаратты сайтқа орналастыруды қамтамасыз ету ұсынылды.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Еңбек және әлеуметтік қорғау депатаментімен осы жұмыстар қалай атқарылатындығы да отырыста қаралды. Мүгедек адамдардың мемлекеттікжәне қоғамдық мекемелерде жасалынған жағдайларға қанағаттанбауы жалғасуда.

Отырыс барысында мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестігінің өкілдері, коммерциялық мекемелер өкілдері тыңдалынды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізілді, атап айтқанда: мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік мекемелері мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарына мүгедек адамдардың кіріп қозғалуына жасалған жайдайларға инспекция жасау, мемлекеттік қызметер мерзімін қысқартуды,жабдықтармен қамтамасыз етілу бойынша мүгедек адамдардың қанағаттануына инспекция жасау, ХҚКО қызметкерлерін әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша оқыту жұмыстарын жүргізуді, мүгедек адамдардың Инва-такси қызметіне сұранысын анықтау, қажет болған жағдайда көлемін ұлғайту ұсынылды.

Связанные Статьи