Алматыда мемлекеттік саясаттың басым бағыттары жөнінде дөңгелек үстел өтті

/uploads/thumbnail/20180829112544713_small.jpg

2018 жылы 22 тамызда Алматы қаласының Қаржы басқармасында мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың басым бағыттары жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. Аталған жиын Қаржы басқармасының қызметкерлері мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Мадияр Албанбековтың қатысуымен өткізілді. М.Албанбеков мемлекеттік қызметтің даму кезеңдеріне шолу жасап, мемлекеттік қызметтің қазіргі таңдағы жағдайы туралы сөз етті. Ол өз сөзінде былай деп көрсетті: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тәуелсіздік алған күннен бастап халық пен мемлекетке қызмет етуді бәрінен биік қоятын, кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға баса назар аударып келеді. Осы жылдар ішінде мемлекеттік қызмет жүйесінде жүргізілген реформалардың нәтижесінде меритократия, тиімділік пен қоғамға есеп берушілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің бірегей моделі құрылды және қазіргі таңда Агенттік тарапынан мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша, мемлекеттік қызметшілердің жағдайын одан әрі жақсарту бойынша, олардың әлеуметтік пакетін одан әрі кеңейту бойынша кешенді іс-шаралар атқарылуда».

Басқарма қызметшілерінің ең қызығушылық танытқан мәселелерінің бірі – еңбекақы төлеудің түбегейлі жаңа жүйесінің пилоттық жобасы болды. Аталған пилоттық жоба бойынша Басқарма қызметшілері өздерінің сұрақтарын қойып, өз сұрақтары бойынша жауаптарын алды.

Жиын соңында Басқарма қызметшілері өткізілген дөңгелек үстел бойынша өздерінің ризашылықтарын білдіріп, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке деген ынталарының жоғарылауына септігін тигізетіндігін атап көрсетті.

Связанные Статьи