Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырушы үкіметтік емес ұйымдармен жиналыс өтті

/uploads/thumbnail/20180829113341885_small.jpg

Алматы қаласында Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырушы үкіметтік емес ұйымдармен жиналыс болып өтті.

2018 жылғы 16 тамызда Алматы қаласы әкімдігінде Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы А.Есенбековтың төрағалығымен басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясындағы жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылау бойынша жиналыс өтті.

Жиналысқа «Қазақстан Республикасындағы Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша орталық» ҚҚ президенті Бишманов К., «Перспектива» ақпараттық кеңес-беру тобы» ҚҚ президенті Бурова Е., «Қазақ интернеті» ҚБ өкілі Жузей М., «Жаухар» ұлттық дәстүрді қолдау қоры» ҚҚ өкілі Әшімхан М., «Адырна ұлттық-этнографиялық бірлестігі» ҚҚ президенті Әубәкір А., «SAAD Almaty» ЖҚ өкілі Әбішов Қ., қатысты.

Іс-шара барысында жобаларды жүзеге асырушы әлеуетті орындаушылар жыл басынан бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Шараларды жүзеге асырудағы кейбір қиыншылықтар мен орын алып отырған кемшіліктер айтылды. Шара соңында басқарма басшысы А. Есенбеков тарапынан жобалар аясында қарастырылған іс-шараларды жоспарға сәйкес уақытылы әрі сапалы орындау қажет екендігі айтылып, бірқатар тапсырмалар берілді.

Связанные Статьи