Алматыда экстремизмге қарсы тұру жайында іс-шара өтті

/uploads/thumbnail/20180829113635114_small.jpg

Алматыда «Дін қатынастары және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру»
тақырыбындағы іс-шара ұйымдастырылды.

2018 жылғы 10 тамызда «Заря Востока» мешітінде Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Перспектива» Ақпараттық-кеңес беру тобы» ҚҚ ұйымдастыруымен «Діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шара мақсаты: мегаполис тұрғындарына діни қатынастар саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру қажеттілігін тұрғындармен талқылау.

Іс-шараға 30-дан астам мешіттің жамағаты қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттің діни мотивацияланған экстремизмге қарсы тұруға бағытталған шараларын күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістермен байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Іс-шара қатысушаларына дінтанушы-ислам дінін зерттеуші, PhD докторы К. Багашаров, дінтану магистрі, PhD докторанты М.Жузей баяндама жасады.

Қатысушылар мен мамандар арасында пікір алмасу жүргізілді. Діни ұйымдар қызметі, олардың мемлекетпен қары-қатынасы, діншіл және дінге сенбейтін адамдардың құқықтары туралы қатысушыларды қызықтырған сұрақтар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіліп, кеңес берілді. Іс-шараға қатысқандардың барлығына қазақ және орыс тілдеріндегі үлестірмелік материалдар таратылды (буклет, презентациялар жазылған CD).

Связанные Статьи