Алматыда мемқызметкерлерді тестілеу бойынша кездесу өтті

/uploads/thumbnail/20180829114623999_small.jpg

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас мамандары А.Байгалиев және М.Албанбеков «Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру бағдарламалары мен қағидаларын», «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруды» түсіндіру бойынша Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ аудандық филиалдары қызметшілерімен кездесу өткізілді, жиынға қатысқандар 28 адам (басшының орынбасарлары, бөлім басшылары, HR менеджерлер, мамандар).

Кездесуде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді ҚР мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеудегі лауазым бойынша санаттарды таңдау тәртібі. Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру бағдарламалары мен қағидаларына сәйкес: бірінші, екінші және үшінші бағдарламалары бойынша тестілеуді өту мәндері, тесттерді орындау үшін жалпы уақыты туралы, сонымен қатар Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыру бойынша - бірінші, екінші, үшінші және төртінші бағдарламалары бойынша тестілеуді өту мәндері, тесттерді орындау үшін жалпы уақыты туралы түсіндірме жасалды. Қойылған сұрақтарға жауап берілді. 

Барлық жиынға қатысқан қызметшілерге «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кіретіндерге жадынама және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарға жадынама брошуралары таратылды, сынамалы тестті өту рәсімі бойынша (төлем үшін деректемелер, төлем ақысы, тестілуеді өтудің мекен жайы, жұмыс уақыты) ақпарат ұсынылды.

Связанные Статьи