Украинада шенеуніктер тікелей эфирде тбелесіп қалды. Украина парламентінің экс-депутаты Инна Богославская мен Запарожский облысындағы экс-министр Евгений Червененко "112 Украина" арнасының тікелей эфиринде төбелесіп қала жаздады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Қос тарап сөз таластырып жатқан кезде Инна Боголовская өзінің дөрекі сөйлескісі келмейтінін, нақтырақ айтқанда "базар тілінде" сөз таластырғысы келмейтінін айтады. Сол сәтте экс-министр Червененко "ақшаға келген кезде солай сөйлесесіз", деп айтады. Осы сөз Инна Боголовскаяның шамына тисе керек, "Қандай ақшаны айтып тұрсың?", - деп қарсыласын ұрып жібереді. Қос тарапты тележүргізушілер ажыратып алды. Алайда олар бір-бірін айыптап, балағаттап жатты.