Спектакль – Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қойылған. ПРЕМЬЕРА – «АНТ» (драмалық дастан). Жазушы-драматург Т.Ахтановтың бұл шығармасы оның драмалық пьесаларының ішіндегі ең таңдаулысы да, шоқтығы биік туындыларының бірі. Сахналық туындыда қазақ елінің тағдыры үшін күрескен ерлердің ерліктері, ойраттарды ойсырата жеңген «Ақтабан шұбырынды» және Ресейге қосылу кезеңдері оқиға өзегіне арқау болады. Уақыты 2-3 сәуір күндері сағат: 18.30-да.

Қоюшы-режиссері - Жанат Хаджиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қоюшы-суретші - Қанат Мақсұтов Композиторы - Ермек Елгезеков, ҚР Мәдениет қайраткері Суретшінің ассистенті - Назым Қалиева Режиссердің ассистенті - Бейбіт Камаранов Режиссердің көмекшісі - Гүлфайруз Смаилова