Жақында Қырғыз Республикасының құқық қорғау қызметкерлері ҚР, Өзген ауданының тұрғыны, 66 жастағы Айдарқұлов Райымжан есімді қария өзінің екі баласымен бірге Қалжарқызы Сахила есімді 11 жасар қызға күш көрсетіп, өрімдей қызды зорлағаны туралы ақпарат таратқан.
Қырғыз Республикасының құқық қорғау қызметкерлерінің мәліметінде күдікті ретінде ұсталған 1949 жылдың тумасы Айдарқұлов Райымжан есімді қария тергеу барысында өз қылмысын толықтай мойындағыны айтылған.
Айдарқұловтың айтуынша, ол бұл әрекетке алкогольді ішімдікке мас болып қалып, есін білмегендіктен барған. Күдікті бұрын істі болмаған.
Тергеу барысында айыпталушы берген мәліметте жәбірленуші өзінің туысқанының немересі екені айтылған. Ол 4 жылдан бері Айдарқұловтың үйінде тұрып келген. Оқиға орын алған күні айыпталушы үш бірдей азамат та мас күйде үйдегі жас қызды зорлаған. Тергеу нәтежиелерінің қорытындысында көрсетілген мәліметтерде айыпталушылардың үшеуі де өз қылмыстарын толық мойындаған. Ал педофильдердің ісі сотқа қаралуға жіберілген.
Нұрзат Тоғжан