Араққа салынған әкім қызметінен қуылды

/uploads/thumbnail/20170708173920577_small.jpg

Бұл туралы "Қамшы" порталы  БҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

- ҚР Еңбек көдексі мен мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексінде көрсетілген талаптарды бұзған Бөкейорда ауданына қарасты Сарыалжын ауылдық округінің әкімі Қуандық Рашқалиевке қатысты БҚО Бөкейорда аудандық прокуротурасының үкімі шыққан.

Үкімде көрсетілгендей Рашқалиев мырза ҚР Еңбек және Ар-Намыс кодекстерін белшесінен басып, қызметтік этиканы сақтамағаны үшін қызметінен босатылған.

Естеріңізде болса, Рашқалиевтің ісі БҚО Бөкейорда аудандық  тәртіптік кеңеске қарауға жіберілген болатын.

Тәртіптік кеңес ұсынған мәліметтерде 2015 жылы ақпан айында Рашқалиев мырза жұмыс орнына удай мас күйінде келіп, қабылдауға келген ауыл тұрғынын балағаттап, этикаға жат сөздер айтқан.

Артынша жәбірленуші әйел Рашқалиевтің үсінен шағымданып,  әкім мырзадан 10 МРП көлеміндегі ұсақ бұзақылығы үшін өтемақы өндірілген болатын.

Бөкейорда ауданы әкімі Нұрлан Рақымжановтың айтуынша, Рашқалиев біраз уақыттан бері ішімдікке салынып жүрген. Ол Аудандық тәртіптік кеңес оның бұл әрекеттерін ескере келе, Рашқалиевті кінәлі деп тауып, оны қызметінен қуу туралы шешім шығарған.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи