Шевцова Татьяна 4 жылға темір торға тоғытылды

/uploads/thumbnail/20170708173920227_small.jpg

Жақында Алатау аудандық сот төрағасы Талғат Мақұлов мырза ұларалық жанжалды қоздырғаны үшін Татьяна Шевцовой-Валоваға қатысты  4 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Бұл туралы "Қамшы" порталы хабарлайды. Татьяна Шевцовой-Валова  ҚР Қылмыстық кодексінің 164 бабы бойынша,(ұлттар арасында ұлтаралық жанжалды қоздырушы) айып тағылып, 4 жылғы бостандығынан айырып, оның 3 жылын шартты түрде сынақ мерзімі деп қарастыру туралы үкім шығарған. Сондай-ақ, Татьяна Шевцовой-Валоваға  арнайы мемлекеттік мекемелерге ескертпестен ҚР аумағын тастап кетуге, тұрақты мекен-жайы мен қызметін  ауыстыруға болмайтыны ескертілген және сот процесінде ұзартқаны үшін 48 500 теңге көлемінде айыппұл салған. ҚР Конституциясында көрсетілгендей айыпталушы, ұлтаралық жанжалды тудырушы үкімді апелляцияға беруге құқылы. Ал Татьяна Шевцовой-Валова болса, өзіне қатысты шыққан үкіммен толықтай келіспейтінін айтқан. Оның айтуынша сот процесінде оның кінәлі екенін айғақтайтын дәлелдер толық келтірілмеген. Естеріңізге сала кетсек, Татьяна Шевцова-Валова ҚР ескі Қылмыстық кодексінде көрсетілген 164 бабы бойынша, өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында ұлтаралық араздықты тудыратын жазбалар жариялағаны үшін айыпталған болатын. Оның жазбаларына қатысты Қылмыстық іс қозғауға бір топ қазақстандық блогерлердің шағымы себеп болған. Қазақстандық 11 блогер сот барысында Татьянаның ендігі өшіріп үлгерген сол жазбаларының суретін әкеліп көрсеткен болатын. Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи