Қазақстан 2026 жылы Футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін таласады

/uploads/thumbnail/20170708173919773_small.jpg

Қазақстан 2026 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін ФИФА басшылығына ұсыныс жолдауы мүмкін, деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

Бұл туралы кеше  Қазақстан футбол федерациясының Президенті Ерлан Қожағапанов мәлімдеген.

"Ондай жоспарлардың бар екені рас. Біз қазір осы мәселені жан-жақты талқылап, анализ жасаудамыз. Біздің мүмкіндіктерімізді ескерер болсақ, 2026 жылы футболдан әлем чемпионатын неге Қазақстанда өткізбеске? Бізде барлық қолайлылықтар қарастырылған, экономикамыз өсіп келеді, еліміз дамып келеді... Біз қазір 2022 жылы Қысқы олимпиада ойындарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Сосын барып, 2026 жылы ӘЧ өткізу үшін таласатын боламыз",-дейді Е. Қожағапанов.

Футболдан Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы 2014 жылы ҚФФ экс-президенті Әділбек Жақсыбеков айтқан болатын.

"2026 жылы Футболдан ӘЧ Қазақстанда өтуі мүмкін. Чемпионат өткізуге бізде барлық жағдайлар қарастырылған. Тіпті, Еуропа чемпионатын, Чемпиондар лигасы ойындарын немесе Еуропа лигасы ойындарын өткізу үшін ұсыныстар жолдауымыз мүмкін",-деген еді Жақсыбеков мырза.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи