Қазақстанда мемлекеттік қызметке тұру үшін шет елде білім алу міндеттеледі

/uploads/thumbnail/20170708173925283_small.jpg

ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі алдағы уақытта кей мемлекеттік қызметке тұру үшін шет елде магистрлік білім алуды міндеттеу туралы құжатты ұсынатынын айтты, деп хабарлайды "Қамшы" порталы. Бұл туралы бүгін  агенттік басшысының уәкілі Динара Жаненованың мәлімдеме жасаған.

"Біз ұсынып отырған негізгі аспектілердің бірі - мемлекеттік қызметтерге тағайындау үшін магистрлік дипломның, шет елдік ЖОО-да, магистрлік, академиялық немесе толық бакалврлық білім алуы шарт болуы тиіс. Қазір біздің мемелекеттік қызметкерлер шет елдік әріптестерімен жиі кездесулер ұйымдастырып, көптеген жұмыстарды бірлесіп атқаруда. Осыны ескер отырып, біз мемлекеттік қызметтердің кей түріне квалификациялық талаптарды күшейтуді жөн деп есептейміз",-деді Жаненова орталық баспасөз клубында өткен пресс-конференцияда.

Жаненованың айтуынша, агенттік мемлекеттік қызметтерге оқуда озат шыққан, білімді, дарынды жастарды, "Болашақ" бағдарламасының түлектерін тартуды да ұсынған. Сондай-ақ, жас мамандардың кәсіби деңгейін өсіру үшін шет елдерде тәжірбие жинақтауға жіберу, арнайы бағдарламалар бойынша оқыту секілді бірқатар бастамаларды жоспарлап отыр.

Связанные Статьи