Қазақ-өзбек шекарасынан заңыз қару алып өтпек болғандар құрықталды

/uploads/thumbnail/20170708173926430_small.jpg

Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан заңсыз қару алып өтпек болған екі азамат ұсталды, деп "Қамшы" порталы ҚР ҰҚҚ ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ҰҚҚ мәлімдемесінде айтылғандай, Қазақстан мен Өзбек  шекарасында орналасқан  "Қақпақ" мемлекеттік шекара заставасының қатардағы жауынгері шекаралық аймақты бақалау барысында күдікті екі адамда байқаған. "Қақпақ" шекара заставасында келімісшарт бойынша қызмет ететін қатардағы дауынгерлер У.Жұмахов пен Н.Әбдірашов дереу рация арқылы радиостанцияға хабарлаған. Заставаның бастығы, капитан Т.Жақыпов жетекшілік еткен  "Дабыл" арнайы жасағы келгенде, шекараны заңсыз басып өтпек болған күдіктілер екі жаққа қаша жөнелген. Арнайы жасақ біреуін тез арада құрықтағынымен, екіншісі қарулы шабуыл жасап, қарсылық көрсеткен. Сол кезде, заставаның аға сержанты Н.Айдаров өз өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, арнайы әдістер қолдану арқылы  қарақшыны залалсыздандырған.

Кейін белгілі болғандай, ұсталғандардың біреуі 30 жастағы  Қазақстан азаматы болса, екіншісі 35 жастағы Өзбекстан азаматы болып шыққан және олар ағайындылар екені анықталған.

Мемлекеттік шекарада қарулы шабуыл жасап, заңсыз қару алып өтпек болғандарды тергеу барысында, олардың Өзбекстан Республикасында заңсыз қару сақтағаны және ұрлық жасағыны үшін істі болғандықтары анықталған.

Аталмыш оқиғаға қатысты  ҚР қылмыстық көдексінде көрсетілгендей, "ҚР Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпек болған және құзырлы орган қызметкеріне қарсылық танытқаны" үшін қылмыстық іс қозғалған.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи