Алматыда әлеуметтік төлемнің мөлшеріне қатысты баспасөз конференциясы өтті

/uploads/thumbnail/20181011131426703_small.jpg

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» басшысы Алтынбекова Гүлсара Асылбекқызының  қатысуымен  баспасөз конференциясы өтті.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру 2005 жылдан бастап енгізілді және әлеуметтік тәуекел туған жағдайда жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі болып табылады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер келесі жағдайларда:

- еңбек ету қабілетінен айырылу,

- асыраушысынан айырылу,

- жұмысынан айырылу,

- жүктілігіне және босануына байланысты,

- жаңа туған баланы асырап алу,

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда тағайындалады.

Әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар төленген ай сайынғы табысқа байланысты. Әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі алатын табыстың 3,5 % құрайды. Әлеуметтік аударымдар төленетін ең жоғарғы табыс – ай сайын                    10 ЕТЖ (ең төменгі жалақы), ал ең төмен табыс – 1 ЕТЖ.

Алматы қаласында 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша әлеуметтік аударымдар 1 млн. жуық адамға төленді. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі пайда болғаннан бері Алматы қаласында әлеуметтік төлемдер жалпы сомасы                                    145 млрд. теңге көлемінде 390 мың алушыларға төленді.

Құнсыздану үрдістеріне байланысты жыл сайын еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшері арттырылады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап осы әлеуметтік төлемдердің мөлшері 16 % арттырылды.

Алматы қаласы бойынша 4 796 еңбек ету қабілетінен айырылу төлемін алушыларға және 2 372 асыраушысынан айырылуына байланысты төлемдерге арттыру жүргізілді. Арттыру нәтижесінде осы төлемді алушылардың жыл сайынғы мөлшері 20,6 млн.теңгеге артады.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдердің ең төменгі мөлшері артты.

390 мың адамға 145 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілген.

Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» басшысы Алтынбекова Гүлсара Асылбекқызы хабарлады. 

Гүлсара Асылбекқызының айтуынша, әлеуметтік аударымдардың мөлшері алатын табысының 3,5  % құрайды. Бұл ретте, әлеуметтік аударымдар төленетін ең жоғарғы табыс айына – 10 ЖТМ (жалақының ең төменгі мөлшері), ал төменгі табыс – 1 ЖТМ.

Қазақстан Республикасында 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 6 млн. жуық адам үшін әлеуметтік аударымдар төленген.  Ал Алматы қаласы бойынша бұл көрсеткіш 1 млн. жуық.

2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қордан әлеуметтік қатерлердің 3 түрі бойынша әлеуметтік төлемдер төленеді:

  • еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша,
  • асыраушысынан айырылуы,
  • жұмысынан айырылуы бойынша.

     Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауын жүзеге асыру аясында, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді.  Осыған байланысты қордан:

  • жүктілігіне және босануына;
  • жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына;
  • бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылуы

жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындалады.

          Жалпы алғанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілгеннен бастап Қазақстанда 4 млн. аса адам қордан жалпы сомасы 1 трлн. теңгеден аса сомаға әлеуметтік төлемдер алды.  

Алматы қаласында 390 мыңға жуық алушыға 145 млрд. теңгеден аса сомаға  әлеуметтік төлемдер төленген.

Бірнеше жылдар бойы төленетін әлеуметтік төлемдердің ұзақ мерзімді екі түрі бар. Мысалы, еңбек ету қабілетінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер адам еңбек ету қабілетін қалпына келтіргенше, не зейнеттік жасқа жеткенше төленеді. Ал асыраушысынан айырылуы жағдайына төлемдер – асырауындағы балалар кәмелеттік жасқа толғанша немесе күндізгі бөлімде оқитын студенттерге 23 жасқа дейін төленеді-деп сөзін аяқтады «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» басшысы Г.Алтынбекова.

Связанные Статьи