Жақында Қостанай облысында екінші дүниежүзілік соғыстың ордені қоқыстан табылды. Бұл туралы "Қамшы" порталы жергілікті басылымдарға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Түсті металлдарды саудалаумен айналысатын Қостанай қаласының тұрғыны қаладағы қоқыс төгетін орындардың бірінен екінші дүниежүзілік соғыстың орденін тауып алған. Қалалық қоқыс төгетін күресіннен арнайы темір іздейтін құрылғы арқылы бағалы металл іздеп жүрген. Орден қоқыста, әйел азаматтың ескі сөмкесінің ішінде жатқан.
Оңай олжаға кенелуші, орденді заңсыз жолмен сатып жібермек болғанда, оқиға куәгері Сәрсен Шұпотаев оны райынан қайтарған. Тіпті, орденге 200 мың теңге ұсынған азамат та болған. Кейін, орденті тауып алғандар құқық қорғау органдарына хабарлайды. Сондай-ақ, орденнің артқы бетінде арнайы номері болған.
Алайда, қалалық құқық қорғау орындарына жоғалған орден туралы шағым түспеген.
Нұрзат Тоғжан