Қырғыз Президенті Атамбаев жеке меншіктегі жер теліміне Мешіт салғызды

/uploads/thumbnail/20170708174058761_small.jpg

Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев өзінің жеке меншігіне тиесілі жер телімін Мешіт құрылысына арнады. Бұл туралы Қырғыз Президентінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Баспасөз қызметінің ақпаратында, жаңа Мешіт 2010 жылы сәуір оқиғасы кезінде қаза болған Қызғызстан азаматтарының құрметіне салынуда. Ол үшін қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев 1990 жылдары жекешелендіріп алған, Бішкектің 7-ші шағын ауданындағы жер телімін ұсынып отыр делінген.

"7-ші сәуір шейіттері" мешітінің құрылысы қырғыз Президентінің мұрындық болуымен басталып кеткен. Мешіт құрылысының ашылуы салтанатында Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевпен бірге елдегі түрлі қоғамдық ұйым басшылары, БАҚ өкілдері мен шейіт болған азаматтарыдың туыстары қатысқан.

Еске түсіре кетсек, 2010 жылдың сәуірінде Қырғызстанда мемлекеттік революция орын алып, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 87 адам қаза болған және 100-деген адам түрлі дене жарақаттарын алған болатын. Аталмыш революцияның жалғасы ұлтаралық жанжалға ұласып, елдің оңтүстігінде қырғыздар мен өзбектер арасында алауыздық оты тұтанған. Бұл ұлтаралық жанжалдар кезінде 400-ден астам адам қаза болып, 2000-нан астам адам жарақаттанған еді. Қырғыз билігіне Атамбаев келгеннен соң, 7-сәуір Қырғызстанда қаралы күн атанып, сол күні революция құрбандарын еске алу күні болып жарияланған.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи