Алматыда екі көлік соғысып, бес адам зардап шекті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қаланың Жандосов көшесінің Алтынсарин көшесімен қиылысар тұсында екі жеңіл көлік соқтығысқан.
Куәгерлердің айтуынша, Mercedes көлігінің жүргізушісі Жандосов көшесімен батысқа қарай жол жүріп, онда екі жолаушыны алған. Сол кезде шығыс бағытқа қарай жүріп келе жатқан Ford Focus көлігі белгісіз себептермен жолдың қарсы жолағына шығып, Mercedes-пен соқтығысқан.