Алматыда қазақстандық журналистің мәйіті табылды

/uploads/thumbnail/20181021141427528_small.png

Алматы қаласында кеше күндіз үйінен шығып кеткен қазақстандық журналистің мәйіті табылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желіде Әйгерім Мұсаеваның күндіз үйден шығып кетіп, қайтып оралмағаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Үйден шығарда телефонын үйіне қалдырып кеткен. Әлеуметтік желіге тараған ақпаратқа сәйкес, ол соңғы рет Алатау ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығындағы бейнекамералардың біріне түсіп қалған. 

Бүгін түнде журналистің жақындарына қаралы хабар келген. Әзірге журналистің неден қайтыс болғаны белгісіз. Қазір құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізуде. 

Qamshy.kz ақпарат агенттігі Әйгерім Мұсаеваның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады. 

Связанные Статьи