Алматыда «Динара» кафесі жанып кетті
Алматының Жороков көшесіндегі «Динара» кафесі тағы сағат 4.16 шамасында толықтай жанып кетті. Қазір түнгі болған оқыс оқиғаның көріністерін тұрғындар мен куә болғандар әлеуметтік желі мен интернетке салуда.
Алматы қалалық Төтенше жағдай департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамедованың айтуынша, өрт сөндіру көлігі оқиға болған жерге 7 минутта жеткен. Сонымен қатар, кафенің жанында тұрған Toyota RAV4 және Nissan Primera автокөліктері де түгелдей отқа оранған. Ыстық жалыннан Nissan Tino, Toyota Avensis, Mitsubishi Outlander, Subaru Legacy көліктерінің сыртқы корпустары күйген. Сондай-ақ кафенің жанындағы ғимараттардың бірқатар терезе жақтауларына да ыстық жалын тиген.
Төтенше жағдай департаменті ресми өкілінің айтуынша, 280 шаршыметр аумақты қамтыған өрт бір сағаттың ішінде өшірілген.
Оставить комментарий