Шығыс Қазақстанда алғашқы күн

/uploads/thumbnail/20181031145123656_small.png

Шығыс Қазақстан облысында сапарлап жүргенімізге бүгін төртінші күн. Бірақ мен фото дегенді енді салып жатырмын. Мұнда қаланың ішінде болмаса  ауыл арасында Теле2 ұстамайды. Күні бойы сыртты аралап, қалаға түн ортасында жетеміз. Телефонға қарайтын шама жоқ. Ал фото мен эмоция, көрген жерлер өте көп. Ал қазір Катонқарағайда тауда желі жақсы ұстап жазба салайын дедім. Бірақ қайсысынан бастап, қайсысынан жалғасырарымды білмей. Миымда хаус, крч:) Сонда да алғашқы күннен бастайын. Егер бірнəрсені ұмытып, қайта салып жатсам не сториға бір-екі күн бұрынғы фотоларды салсам қарап, "жақсы екен" деп оқып отыра беріңіздер)) 1-КҮН 
Шығыс Қазақстан мен үшін картадан көргендегідей айдаладаааа қалғар, дамудан алыс елді мекендерден тұратындай елестейтін. Осы уақытқа дейін. Шығыстық құрбыларымнан ұят)) Ал қазір мұндағы тау мен табиғаттан соң басқа еш жердің сұлулығы мені таңғалдырмайтындай сезіледі. Бұл жақта бəрі орысша сөйлейді деп ойлайтынмын. Ал қазір тура бір Шымкентте жүрген сияқтымын:) Алматы мен Астанадан төрт журналист Өскеменге 15 тамызда түсте жеттік. Тамақтана салып, бізді атақты Сібе көлдеріне апарды. Негізі  бес Сібе көлдері бар екен. Біз төртіншісіне демалыс орны орналасқанына бардық. Көл кішкентай көрінгенімен өте терең екен. Ортасы 67 метрге дейін барады дегенді естіп, тіпті жағасына аяғымды шалпылдатып отыруға да қорықтым. Жанында қамырды көп етіп кесіп, жабысып қалады-ау деп ойламай, бір-бірінің үстіне қалай болса солай қоя салғандай тауы бар екен. Сыртынан суретке түсіп кететін шығармыз деп ойлағанмын. Сөйтсем арнайы тепешектер салып тастапты. Енді ол жақтан қарағандағы көріністі фотоаппаратқа сыйғыза алмадым. Көзіммен көргеніма ырза боп қайттым.

Сібе көлдері Ертістің сол жағалауынан аса қашық емес, Қалба тауларының қатпар-қатпар құйма тастарынан қаланғандай жоталарының арасында орналасқан. Тау табанындағы тостағандардай бес көл. Қалмақтың «себын» сөзінен шыққан көл атауының түп-төркіні «сабынды көл» дегенді білдіреді. Шынында Сібенің суы сабындай жұмсақ тиіп, тән мен жанды сергітетін көрінеді. 

Төлеген Таңшолпан

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН Шығыс Қазақстан облысында сапарлап жүргенімізге бүгін төртінші күн. Бірақ мен фото дегенді енді салып жатырмын. Мұнда қаланың ішінде болмаса  ауыл арасында Теле2 ұстамайды. Күні бойы сыртты аралап, қалаға түн ортасында жетеміз. Телефонға қарайтын шама жоқ. Ал фото мен эмоция, көрген жерлер өте көп. Ал қазір Катонқарағайда тауда желі жақсы ұстап жазба салайын дедім. Бірақ қайсысынан бастап, қайсысынан жалғасырарымды білмей. Миымда хаус, крч:) Сонда да алғашқы күннен бастайын. Егер бірнəрсені ұмытып, қайта салып жатсам не сториға бір-екі күн бұрынғы фотоларды салсам қарап, "жақсы екен" деп оқып отыра беріңіздер)) 1-КҮН Шығыс Қазақстан мен үшін картадан көргендегідей айдаладаааа қалғар, дамудан алыс елді мекендерден тұратындай елестейтін. Осы уақытқа дейін. Шығыстық құрбыларымнан ұят)) Ал қазір мұндағы тау мен табиғаттан соң басқа еш жердің сұлулығы мені таңғалдырмайтындай сезіледі. Бұл жақта бəрі орысша сөйлейді деп ойлайтынмын. Ал қазір тура бір Шымкентте жүрген сияқтымын:) Алматы мен Астанадан төрт журналист Өскеменге 15 тамызда түсте жеттік. Тамақтана салып, бізді атақты Сібе көлдеріне апарды. Негізі  бес Сібе көлдері бар екен. Біз төртіншісіне демалыс орны орналасқанына бардық. Көл кішкентай көрінгенімен өте терең екен. Ортасы 67 метрге дейін барады дегенді естіп, тіпті жағасына аяғымды шалпылдатып отыруға да қорықтым. Жанында қамырды көп етіп кесіп, жабысып қалады-ау деп ойламай, бір-бірінің үстіне қалай болса солай қоя салғандай тауы бар екен. Сыртынан суретке түсіп кететін шығармыз деп ойлағанмын. Сөйтсем арнайы тепешектер салып тастапты. Енді ол жақтан қарағандағы көріністі фотоаппаратқа сыйғыза алмадым. Көзіммен көргеніма ырза боп қайттым. Сібе көлдері Ертістің сол жағалауынан аса қашық емес, Қалба тауларының қатпар-қатпар құйма тастарынан қаланғандай жоталарының арасында орналасқан. Тау табанындағы тостағандардай бес көл. Қалмақтың «себын» сөзінен шыққан көл атауының түп-төркіні «сабынды көл» дегенді білдіреді. Шынында Сібенің суы сабындай жұмсақ тиіп, тән мен жанды сергітетін көрінеді. ⤵⤵⤵ #ШығысҚазақстаноблысы #ШҚО #Сібекөлдері

Публикация от Tangsholpan Tolegen (@tangsholpan_tolegen)

Связанные Статьи