Адам саудасына қатысты 30-дан астам қылмыс әшкере болды

/uploads/thumbnail/20181031164538587_small.jpg

Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 9 айында қалада адам саудасына байланысты 30 қылмыс ашылды.

«Сонымен, жыл басынан бері ҚР ҚК-нің 309 бабына сәйкес жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастыруға және ұстауға қатысты 23 сотқа дейінгі тергеу жүргізілді және ҚР ҚК-нің 308 бабына сәйкес жезөкшелікпен айналысуға байланысты 5 қылмыстық іс және ҚР ҚК-нің 128 бабына сәйкес адам саудасына қатысты 1 қылмыстық іс қозғалды», - деп айтты Алматы қаласы ПД ҰҚҚКБ адам саудасына қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Айдынбек Кокамбеков.

Сондай-ақ, спикердің мәліметінше, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды, қонақ үйлерді, пәтерлерді анықтау мақсатында тұрақты негізде жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Осындай ғимараттардың иелері ҚР  ӘҚбК-нің 450 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Барлық материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберіледі.

«Аудандық полиция бөлімшелерінің жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, осы жылы 121 адам ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы – жезөкшелікпен айналысатындарға үй-жай беру, 449 бабы – қоғамдық орындарда интимдік қызмет көрсеткен 313 адам аталған баптар бойынша жауапқа тартылды», - деп түйіндеді өз сөзін подполковник Кокамбаев.

 

 

                     

Связанные Статьи