Алматыда 122 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды

/uploads/thumbnail/20181101141136094_small.jpg

Алматы қаласының ювеналдық полиция қызметкерлері «Демалыс» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Оның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қараусыздыққа, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерде заңды өкілдерсіз жүру, кәмелеnке толмағандарға ішімдік және темекі сату, сондай-ақ балаларды заңсыз қызметке тартатын ересектерді анықтау.

«Инспекторлар жасаған жұмыс барысында балалар түнгі уақытта компьютерлік клубтарда болғандары анықталды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге алдын-ала талқылау жүргізілді. Олардың ата-аналары ІІБ-на шақыртылды. Түнгі ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандарды іздеу іс-шарасының екі күндік қорытындысы бойынша 122 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдерді түнгі уақытта мекемеге кіргізген тағы үш компьютерлік клубтың басшыларына әкімшілік іс-әрекеттер қолданылатын болады. Мысалы, Алматы қаласының Бостандық ауданында жергілікті рейдтер кезінде тек бір түнде 12 ата-ана анықталып, кейіннен жауапқа тартылды. Екі клубтың әкімшілігіне 10-нан 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - Алматы қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Лейла Алипбаева.

Жалпы алғанда, ЖПҚ деректері бойынша, екі күн ішінде 147 жасөспірім әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін ішкі істер органдарына жеткізілді. Оның 14-і кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығына орналастырылды. Алдын ала есепке 20 бала және 17 қолайсыз отбасы қойылды. Сондай-ақ, балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 11 ата-ана ҚР ӘҚбК-нің 127 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында материалдар сотқа жіберілді.

 

Связанные Статьи