Ақтауда әртүрлі қоқысқа арналған контейнер орнатыла бастады

/uploads/thumbnail/20181105100825623_small.jpg

Қалаға қоқысты сұрыптап жинайтын жәшіктер қойыла бастады. Алғашқысы 5 шағынаудан 8 үйдің жанына орнатылды. Оның ерекшелігі – пластик, шыны, қағаздар мен қатты тұрмыстық қалдықтарына арналған бөлек-бөлек бөлімдері бар. Түрлі-түсті контейнерлерді "Caspi operating" ЖШС орнатқан. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

mangystaumedia.kz мәліметінше, контейнердің баланың бойы жететіндей, ыңғайлы қоқыс салғышы да бар.

-Алдымен бұл контейнер қалай жұмыс жасайтынын бақылаймыз. Одан жақсы нәтиже болса, өзге шағынаудандарға орнататын боламыз. Біз сондай-ақ Баянды ауылында да қоқысты бөлек сұрыптап салатын контейнер орнатуға келісімшартқа отырдық. Алдағы уақытта таныстырылымы өтетін болады», — дейді «Caspiy operating» ЖШС директорының орынбасары Әділет Пірімқұлов.

15 қарашада түрлі-түсті жәшіктің таныстырылымы өтпек. Алдағы уақытта қаланың басқа да аудандарына қойылатын болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи