Бұл жөнінде облыс әкімдігі ғимаратында өткен аппарат жиынында экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова мәлімдеді.
2018 жылдың 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндаған басқарма басшысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бері құны 100,0 миллион теңге болатын 61 жоба мақұлданғанын жеткізді.
Сондай-ақ 2018 жылы кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында жалпы сомасы 2,4 миллиард теңгені құрайтын және 73 жаңа тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 3 жобаны енгізу жоспарланған.
Микронесиелеу ұйымдары мен «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорынан» АҚ 867,4 миллион теңге болатын 184 микронесие берілген. Нәтижесінде 270 жаңа жұмыс орны құрылған.
«Ал «Нұр капитал» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге 1% пайыздық үстемақымен жыл басынан бері 192 жоба мақұлданып, 2,9 миллиард теңге несие берілді. Бұл бағдарлама 1 600 жұмыс орнын құруға сеп болды. Жалпы облыс бойынша 28625 жаңа жұмыс орны пайда болды. Өлкедегі жұмыссыздық 4,8 пайызды құрап отыр», - деді Марина Әлбекова.
Оставить комментарий