Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

/uploads/thumbnail/20181105101158443_small.jpg

Yessenov University қабырғасында өткен "I Халықаралық Есенов оқулары" аясында электромобильдеріне арналған алғашқы электр қуаттандыру станциясының ашылу рәсімі өтті. Маңғыыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, университеттің бас корпусының алдына орнатылған 2 Станция аталмыш оқу ордасының ғалымдарының еңбегімен жасақталған. Олардың толық зарядтау циклі небәрі 3 сағатты құрайды. Электромобильдер университеттің ішкі пайдалануы үшін алынған.

Халықаралық Есенов оқуларына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, 2007 ж. Нобель сыйлығының лауреаты Раджендра Кумар Пачаури, Путра университетінің (Малайзия) коммуникациялық технологиялар және желі кафедрасының, компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультетінің профессоры Мохамед Бин Отман арнайы қатысты. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру аясында өткізілетін Есенов оқуларында студенттер мен жас ғалымдар үшін "Цифрлық Қазақстан: Ақпараттық жүйелер және энергетика", "Каспий конвенциясы: аймақтың саяси-құқықтық даму үрдістері" және т.б. тақырыптар бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция, "Yessenov University үздік стартап жобасы" байқауы өтті.

Шара барысында Yessenov University ректоры Берік Ахметов аймақ басшысына аударылмалы сынып технологиясын таныстырды. Бұл оқу орнының студенттері дәрістерге келмей, барлық сабақты Интернеттегі арнайы арнадан көре алады. Дәрістің орнына олар семинарларға қатысып, үй тапсырмаларын тәжірибе жүзінде орындай алады. "I Халықаралық Есенов оқуларының" екінші күні мұнайшы-геолог Халел Өзбекғалиевтің 90 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері және "Yessenov University үздік жас ғалымы "атты байқау өткізілді

Оставить комментарий

Связанные Статьи