Ақтауда өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш ашылды

/uploads/thumbnail/20181105101435167_small.jpg

Еске алу монументі құтқарушылар мерекесі қарсаңыңда салтанатты түрде ашылды. Ол Ақтау қаласын қорғауға арналған №1 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағына қойылды. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

Салтанатты жиынға қызметкерлер, азаматтық қорғау ардагерлері мен қалалық билік өкілдері, қаза тапқан өрт сөндірушілердің туыстары мен жақындары қатысты.

«Біздің өмірімізді және мүлігімізді сақтайтын, бүкіл өмір бойы біздің гүлденуіміз үшін күресетін өрт сөндірушілерді біз ерекше құрметтейміз және қазір жанымызда жоқ болса да жүрегімізде қалған, өмірден өткен өрт сөндірушілердің жақындары мен туыстарына бас иеміз», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қалешұлы.

Ал Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев өз сөзінде «Осы ескерткіштің ашылуымен уақытты, тарихымыздың сабақтастығын қалпына келтіреміз. Біз бен сіз үшін, ең бірінші, өз өмірін отқа тосқан өмірде жоқ әріптестеріміздің болашақ ұрпақтары мен жақын-туыстарына мәңгі лайықты құрмет көрсетудің маңызы зор екендігін» айтты.

Жиын барысында қаза болғандарға 1 минут үнсіздік жарияланып, қатысушылар ескерткіш манументі жанына гүл шоқтарын қойды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи