Жаңаөзеннің 50 жылдығы қарсаңында су тазарту қондырғысы іске қосылды

/uploads/thumbnail/20181105101558509_small.jpg

Еділдің суын өңдеп беретін станцияның құрылысы 4 жыл жүргізілген, қазір тестілік режимде жұмыс жасап тұр. Тәулігіне 30 мың текше метр суды тазартады деп хабарлайды qamshy.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Ауыз су мәселесі көп жылдар бойы шешілмей келіп еді. Жаңа станция шаһар тұрғындарын сапалы сумен қамтитын болады. Жаңаөзен қаласының 2012-2020 жж. арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес, 7000 жеке тұрғын үйді сумен қамту қарастырылған болатын. Жаңадан іске қосылып жатқан станция 150 мың адамды сумен қамтып, үш тәулікке жететін су қорын сақтайды", - деді нысан жұмысымен танысқан облыс әкімі Е.Тоғжанов. Сондай-ақ, аймақ басшысы "Тәуелсіздік" алаңындағы жаңа су бұрқақтың ашылуына да қатысты. Жергілікті кәсіпкер Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай, тұрғындарға түрлі түсті кейіпке еніп, билеп тұратын су бұрқақты сыйға тартқан. Құрылысы 4 айға созылған субұрқақ енді шаһардың сәнін келтіріп, тұрғындардың ең көп жиналатын демалыс орталығына айналары сөзсіз.

Оставить комментарий

Связанные Статьи