Маңғыстауда "Бастау бизнес" бойынша 192 жоба жасалды

/uploads/thumbnail/20181105103827463_small.jpg

Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен аппараттық жиында "Жұмыспен нәтижелі қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" еңбек бағдарламасын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды.

2017 жылдың наурыз айында басталған бағдарлама жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған халықты жаппай оқыту, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жеңілдетілген шағын кредит беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға, еңбек ұтқырлығын арттыруға бағытталған. Биыл бағдарламаны іске асыруға 2,8 млрд.теңге қарастырылған.

"Бағдарламаға сәйкес 1131 адамды 15 ұйымда оқыту көзделіп отыр. Олар, ең алдымен, ҰБТ тапсырмаған және оқу орындарына түспеген мектеп түлектері. Студенттер тегін оқиды, сонымен қатар шәкіртақы төленіп, күніне бір рет ыстық тамақ беріледі. Басқа қалалардан келгендерге жол жүру және тұру шығындарына материалдық көмек беру көзделген. Сондай-ақ колледжде және оқу орталықтарында 712 адам қысқа мерзімді курс оқыды. Оқу мерзімі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 1 айдан 6 айға дейін. Оқудан кейін 187 адам жұмысқа орналастырылды»,- деді Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қуаныш Берішбаев.

Ал «Атамекен» ҰКП Маңғыстау облысы бойынша басшысы Нұрбек Қарасаевтың айтуынша, "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша 880 адам оқытылған. Сондай-ақ жалпы сомасы 605,2 млн.теңгені құрайтын 192 жоба жүзеге асырылған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи