Маңғыстауда 27 мың жаңа жұмыс орны ашылған

/uploads/thumbnail/20181105104240907_small.jpg

Бұл жөнінде Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен аппараттық жиында айтылды. Маңғыстау облысында жыл басынан бері 26,6 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Оның 85% тұрақты негізде.

«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін 341 жобаға 1 244,89 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 712 500 млн. тенгені құрайтын 187 жоба іске асырылды», — деді облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл.

Ал Шағын және орта бизнес саласында 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 543,3 млн.тенгені құрайтын 37 жоба, 103 жұмыс орнын құру көзделгенін жеткізді кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева.

Сондай-ақ басқарма басшысы Ақтау және Жаңаөзен қалаларында шағын несиелеуге 543 263 мың теңге бөлінгенін және оның 2017 жылға қарағанда 2,2 есе көп екенін айтты.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы, жыл басынан бері 26,6 мың жаңа жұмыс орны ашылса, оның ішінде 85% тұрақты негізде. Облыс бойынша бағдарлама аясында 19,1 мың адам, оның 13,9 мыңы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған.

«Халықтың табыс деңгейін арттыру тармағы бойынша бүгінгі күні облыста табысы 42,5 мың теңгеден кем 39 889 қызметкерге төмен еңбекақы төленеді. Бюджеттік ұйымдарда жалақысы төмен 24 251 қызметкердің жалақысын арттыруға 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен 3,2 млрд.теңге көзделген», — деп атап өтті экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова.

Сонымен қатар, облыста 50 компания жалақысы төмен қызметкерлерге жалақы мөлшерін арттыруға дайын екендіктерін мәлімдеп отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи