Қарағандыда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының XXX есептік-сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Конференция барысында Қарағанды облысының әкімі әрі партияның облыстық филиалының басшысы Ерлан Қошанов «Нұр Отан» партиясының басты күшін атады.
«Нұр Отан» партиясы жаңа өзгерістер кезеңіне тап келді. Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, соңғы уақыттарда партия әр істе, әр жобада аса белсенділік танытып келеді, халықты оңтайлы нәтижелерімен қуантып жатыр, ең бастысы, тұрғындардың партияға деген көзқарасы жақсарған. Біле білсеңіздер, «Нұр Отан» - биліктің емес, нағыз істің партиясы. Бәрін толғандыратын сұрақ мынау: «Нұр Отанның» басты күші неде? Партияны алға жетелеп отыратын – бастапқы партиялық ұйымдар», - деді Ерлан Қошанов.
Қарағанды – «нұротандықтардың» мекені десек те қателеспейтін шығармыз. Себебі республика бойынша «Нұр Отанға» мүше тұрғындардың максималды көрсеткіші осы Қарағанды өңірінде. Статистикаға сәйкес, партия құрамында 110 мыңға жуық қарағандылық бар деп болжанады.
«Бұл азаматтардың аты-жөні ғана жазылған қарапайым тізім емес. Бұл – берік, іргесі мықты ресурс. Партияға жаңадан еніп жатқан жастарымызды одан әрі жігерлендіріп, белсенді болуына күш салу – біздің міндет», – деді облыс әкімі журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы 1999 жылдан бері халыққа қызмет етіп келеді. Оның қалыптасу тарихы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Назарбаев – партияның идеялық қолдаушысы, қалыптасқан күннен бері басы-қасында.
1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша «Отан» партиясы құрылып, кейін ол Қазақстанның президенттік ірі партиясына айналды.
2006 жылы «Отан» партиясының кезекті съезінде «Отан» РСП аталуы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» болып, ал 2013 жылы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» аталуы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді.
«Нұр Отан» партиясының саяси күші бар болғандықтан, оны халықтың партиясы деп атауға болады. Осылайша қоғамдық озат партиялар құрылған. Оған әр қазақстандық тұрғылықты орнына қарамастан өзі үшін маңызды мәселелер бойынша жүгіне алады.
Астанадағы мемлекеттік органдардың басшылары мен Парламент депутаттарын қабылдайтын республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне Астана тұрғындарынан басқа әр азамат электрондық қоғамдық қабылдау арқылы жүгіне алады.
Партия келесі жобаларға бастамашылық етті:
1) «Кедергісіз келешек» - денсаулықтарына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобасының аясында бір ай ішінде 500 мүгедек, ал 2014 жылы 9,9 мың мүгедек жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік инфрақұрылымның 870 астам объектісі қолжетімді болды.
2) «Бақытты отбасы» – отбасылық құндылықтарды дәріптей отырып отбасы, адамгершілік, рухани институттарын бекітуге бағытталған жобасының аясында 2014 жылы 2 мыңнан астам отбасына көмек көрсетілді, 180 мың отбасына қажетті кеңестер, психологиялық және құқықтық көмектер берілді.
Халықтық партия әрқашан мемлекетіміздің, онымен қоса барша қазақстандықтың гүлденуіне жағдай жасайтын болады.
Оставить комментарий