Бұл жөнінде Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Каспийді қаламен астасқан жағалауы соңғы бірнеше айда үйілген қоқыс, тастан арылып, тұрғындардың демалуына қолайлы орынға айналған.
Бір жарым ай ішінде 1 шақырым 800 метр жағалау жөндеуден өтіп, 48 мың шаршы шақырым тас төселген болатын. 70 метр ұзындықта дала сахнасы мен жағалауда балаларға арналған ойын алаңдары бой түзеді. Ал «Жартасты соқпақ» жобасы 6 шақырымды қамтыған.
Биыл сәуір айында басталған жағалаудағы жөндеу жұмыстары бүгінде 15 шағын аудан тұсында жалғасып жатыр.
Облыс басшысы Ералы Тоғжанов теңіз жағалауындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл жағалау да жаңа келбетпен абаттандырылып, 200 автокөлікке арналған автотұрақ салынбақ.
Ал жартастардың жанына халық аузындағы аңыз кейіпкерлері қойылып, мифтер алаңы ашылады. Сондай-ақ кезінде жекешеленген жер телімі мемлекетке қайтарылуда. Өңір басшысы ол жердің алдағы уақытта халық демалатын орынға айналатынын айтты.
Сонымен қатар келер жылы «Самал» шағынауданындағы теңіз жағалауын абаттандыру жоспарланып отыр. Сөйтіп бұла аймақ түрлі мәдени-сауық шараларын өткізетін қоғамдық орынға айналмақ. Су бетіндегі мейрамхана, субұрқақ сынды халық игілігіне пайдаланатын нысандар да салу көзделген
Оставить комментарий