«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ХХVIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті

/uploads/thumbnail/20181115160940208_small.jpg

Ақтауда «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ХХVIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша партияның рөлі талқыланды.

Конференция жұмысына облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Ералы Тоғжанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Бүгінде облыстық филиал құрамында 158 бастауыш партия ұйымы және 26 432 мүшесі бар. Ұсынылып отырған бастаманың бірі партияны жаңғырту және оның қызметінде қазіргі заманғы технологияларды қолдануға бағытталған.

2018 жылдың 10 айында қоғамдық қабылдау бөлімдеріне 1677 өтініш келіп түскен.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» Маңғыстау облысында іске асырылуын бақылау бойынша қоғамдық кеңес құрылған. Ең өзекті мәселе «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші әлеуметтік бастамадағы «7-20-25» бағдарламасына қатысты болды. Қазіргі таңда осы бағдарламамен өтінім берген 326 адамның 212-cінің өтініміне келісім берілді. Несие сомасы 1 733 496 246 теңгені құрады, демек, 212 адамның баспана алуға қолы жетті. Маңғыстау облысы республика бойынша 3-орында келеді.

Қаныбек Жұмашев партия тарапынан жасалып жатқан іргелі істер туралы айтты.

- Елбасы, «Нұр Отан» Партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде экономикалық, саяси жəне əлеуметтік жаңғыру жүзеге асырылып жатыр. Біздің саяси ұйым осы өзгерістердің бірінен де қалыс қалмай, елді-мекендерде орындалуына зер салатыны анық. Партияның өз ішінде де ауқымды жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Соның ішінде уақыт талабына сай цифрландыру маңызды рөл атқарады, осыған көбірек мән берілуі тиіс, - деді Қаныбек Бекболатұлы.

Конференцияда партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің есепті мерзімде атқарған жұмысы және бақылау-тексеру комиссиясының есебі тыңдалды. Одан кейін жаңадан облыстық филиалы Саяси кеңесі, Саяси кеңес

Бюросы және бақылау – тексеру комиссиясының мүшелері сайланды.

Шара барысында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы,Ақтау қалалық «Білім үйлестіру» орталығының сектор басшысы Ада Ким «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы туралы есеп берді.

Жеке кәсіпкер Сәкен Қаржаубаев мемлекет тарапынан кәсіпкерліктің дамуына жасалып жатқан қолдаудың барын айтып, өз кәсібін дөңгелетер жастардың қатары арта түсетініне сенім білдірді. Себебі келер 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланады, демек жастардың мәселелері назардан тыс қалмасы анық.

Биылғы облыстық байқауға 13 ұйым қатысып, олардың 3-і республикалық байқауға жолдама алды. Шара аясында «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

ХХVІІІ есеп беру-сайлау конференциясының жұмысын қорытындылаған«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ералы Тоғжанов келер жылы партияның 20 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуге шақырды. Конференция соңында «НұрОтан» партиясының Әнұраны орындалды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи