Дзюдодан ашық Азия кубогы: Қазақстан құрамасы көш басында

/uploads/thumbnail/20181115161128075_small.jpg

Ақтауда 3-4 қараша күндері «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы өтті. Онда Қазақстан, Қырғызстан, Грекия, Тәжікстан, Моңғолия, Өзбекстан және Грузиядан келген 100-ден аса спортшы бақ сынады.

Турнир 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Сайысқа спорттық жекпе жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының бас директоры, Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенті Елдос Рамазанов және Азия дзюдо одағының спорт директоры Дэвид Картер, Маңғыстау облысы дзюдо федерациясының президенті Асылбек Жолдыбаев, Халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Самат Жылқыбаев, Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Максим Раков, Азамат Мұқанов, Отгонцэцэг Галбадрах сынды еліміздің бетке ұстар дзюдошылары қонақ болды.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жарыс алдында қатысушыларға сәттілік тілеп, осындай үлкен шараға жиналғандарға алғысын білдірді.

Жарыс нәтижесінде Қазақстан құрамасы 7 алтын, 10 күміс, 13 қола жүлдені еншілеп, 1-орынға жайғасты. Грекия құрамасы 4 алтын медальмен 2-орын, 1 алтын, 1 күміс жүлдемен Тәжікстан құрамасы үштікті қорытындылады.

Ашық Азия кубогы лицензиялық турнир болғандықтан, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге рейтингтік ұпайлар беріледі. Бірінші орын иегеріне әлем рейтингінде 100 ұпай, екінші орын алғандар – 60 ұпай, үшінші орын алғандар 40 ұпай беріледі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи