Маңғыстауда электр энергиясы тарифі 17% төмендеген

/uploads/thumbnail/20181115161903739_small.jpg

Бұл жөнінде аймақ басшысы Ералы Лұқпанұлы мәлімдеді. Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырыста электр және жылу энергиясына қолданыстағы тарифтердің қалыптасуы, сондай-ақ энергетикалық қызмет нарығында баға белгілеуді бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметі талқыланды. Облыс әкімі Мемлекет басшысына өңірдегі коммуналдық қызметтер тарифтері туралы баяндаған болатын. Ол өз сөзінде Маңғыстау облысында қолданыстағы тарифтерді төмендету бойынша нақты шаралар қабылданғанын айтты.

-Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 187 мың адамды қамтитын электр таратудың тарифі Ақтау қаласы бойынша 26% -ға төмендетілді. Бұрын-соңды мұндай көрсеткіш болмаған. Екіншіден, 1 шілдеде электр қуатын өндіру тарифі «ҚазТрансГазАймақ-пен» бірлесе отырып, облыстың бүкіл тұрғынын қамтумен 8% - ға төмендетілді. Бұл нақты қабылданған шаралар. Екі энергия беруші компанияның электр энергиясын жеткізу схемасынан алып тастау арқылы Ақтау қаласының қала маңы бойынша тариф 5 мың адамды қамти отырып, 17% - ға төмендеді. Нәтижесінде барлық облыс бойынша электр энергиясына тарифтің жалпы төмендеуі орта есеппен 17% құрады, - деді Ералы Тоғжанов баяндамасында.

Оставить комментарий

Связанные Статьи