Ақтаудағы үйлерге QR-код тақтайшалар орнатыла бастады

/uploads/thumbnail/20181115164302874_small.jpg

Тақтайша әзірге қаладағы көп қабатты алты тұрғын үйге орнатылған. Бұл жөнінде Ақтау қаласының әкімдігінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар жөнінде өткен брифингте айтылды.

QR-коды бар тақтайшалардың ерекшелігі – тұрғын үй туралы барлық мәліметті білуге мүмкіндік беруінде. ПИК (Пәтер иелері кооперативі) туралы ақпарат және диспетчерлік қызмет, электрик, сантехник, полиция пунктінің байланыс нөмірлері де қамтылған.

Ұялы телефоныңызда QR-кодты оқитын мобильді қосымшаңыз болса болғаны. Ақпараттарды осы қосымшаның камерасын QR-кодқа бағыттау арқылы көре аламыз. Ал «iphone» ұялы телефонын пайдаланатындар қосымшаны жүктемей-ақ телефонның камерасын қолдануына болады.

Тақтайшада тұрғын үй туралы мәліметтен бөлек үйдің пошталық индексі мен post.kz сайтына сілтеме көрсетілген. Бұл курьерлердің, пошта қызметінің жұмысын жеңілдетуге, тұрғындардың ғаламтор арқылы тапсырыс беруіне жағдай жасайды. Сілтеме арқылы коммуналдық төлемдер мен айыппұлдарды төлеуге мүмкіндік бар. Арыз-шағымдар мен ұсыныстар да осы кодтар арқылы қабылданбақ.

Айта кетейік, тақтайшалар алдағы уақытта қаладағы басқа да тұрғын үйлерге қойылмақ.

Оставить комментарий

Связанные Статьи