Infobus мобильді қосымшасын Ақтауда 30 мың адам пайдаланады

/uploads/thumbnail/20181115164527039_small.png

Бұл жөнінде қалалық әкімдікте өткен брифингте мәлім болды.

Infobus және busreport диспетчерлік бағдарламасы Ақтау қаласында үш жылдан бері қызмет етіп келеді. Онда қала ішінде қатынайтын автобустардың жүру кестесі мен бағыттары енгізілген. Тіпті қазіргі таңда қала сыртындағы елді мекендерге қатынайтын автобустар кестесі де қосылған. Мысалы, №103 «Ақтау-Қызылтөбе», №104 «Ақтау-Атамекен», №105 «Ақтау-Басқұдық», №106 «Ақтау-Баянды» және «Ақтау-Батыр», «Ақтау-Қызылтөбе-2», «Ақтау-Әуежай» арасында қатынайтын көліктер.

Қалалық жолаушылар тасымалдау бөлімі мен «КазИнтерСофт» ЖШС бірігуімен жасақталған мобильді қосымша тұрғындарға кез келген уақытта қолжетімді.

Жолаушылар бағдарламаға кіру арқылы барлық қоғамдық көлік жайлы ақпаратты толық көре алады. Мобильді қосымшаны Рlay market және App Store арқылы ұялы телефонға жүктеуге мүмкіндік бар. Мекен-жайды жазбай-ақ автобустың қайда, қашан келетінін білуге болады.

Бүгінде Infobus және busreport диспетчерлік бағдарламасы Қазақстанның 11 қаласында жұмыс істейді. Ал Ақтау қаласы бойынша мобильді қосымшаны 30 мыңға жуық адам жүктеген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи