Еліміздегі ауыз су мәселесі қалай шешіліп жатыр?

/uploads/thumbnail/20170731155838197_small.jpg

Ауыз су қазіргі елімізде өршіп тұрған мәселелердің бірі. Мемлекет тарапынан бұл мәселелені шешу үшін түрлі шаралар іске асырылып жатқаны да белгілі. Қарапайым халықтың су зар болып отырған билік тарапы да бұл мәселеге алаңдаулы. Сонымен бірге сөзбен емес іспен мәселені шешуге барынша атсалып жатыр. Соған бір мысал бола алатын «Өңірлерді дамыту – 2020» біріңғай бағдарламасы. 2014 жылы қабылданған бұл бағдарлама арқылы талай халық үйлі болып, талай халық ауыз сумен, газбен қамтасыз етілді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір бұл бағдарлама туралы жиі естіп жатамыз. Бағдарлама аясында қандай шаралар атқарылып, не жасалып жатыр деген сұрақ көптеген азаматтардың көкейінде бар деп ойлаймын. Сол себептен біріңғай бағдарлама аясында не атқарылып, не жасалып жатқанын көрсетуді жөн көрдік. Егер сіздің ойыңыздағы қаптаған бағдарламалар, не істеп не қойғанын білмейді деген түсінік қалыптасқан болса, бұл ақпарат сіздің ойыңызды түбегейлі өзгертеді деп сенеміз.

Бағдарлама аясында 4 нысаналы индикаторға, 12 нәтижеге қол жеткізіп, 100 іс-шарасны іске асыруды мақсат етіп отыр. Осыған дейін бірнеше жоспарлар құрылып, бірнеше жобаларды аяқтау көзделді. Тағы бір айта кетерлігі бағдарлама аясында барлық жоспарлар, аяқталу керек нысандар уақытылы аяқталып, жоба сәтті жүзеге асырылуда.

Алғашқы кезеңенен бастап біріңғай бағдарламаға «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамыту», «Ақ бұлақ», «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламаларының ережелері, сондай-ақ, шағын қалаларды дамыту бағдарламасының жобасыбіріктілгені де есімізде. Бүгінде аталмыш бағыттар бойынша жұмыстар жалғасуда. Мәселен, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету сәтті жүзеге асырылып жатыр. Елімізде 2025 жылға дейін қалалар 100 пайыз, елді мекендер 80 пайызға ауыз сумен қамтылмақ. Бұл ретте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажет. Әсіресе, ауыл-аймақта модульдік қондырғыларды орнатуға көңіл бөлінуі тиіс. Елбасы елді мекендерді сумен қамту қаржысын жыл сайын 100 млрд теңгеге арттыруды тапсырғаны белгілі. Бұл меже орындалып келеді. Айта кетейік, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 400 жоба жүзеге асырылып, 23 мың шақырым су құбыры тартылды.

Қала және елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында  2015-2017 жылдар аралығында мемлекет бюджетінен 23,5 млрд теңге бөлінді. Кейін осы шара аясында 48 жобаны іске асыру көздерліп, түрлі шаралар қабылданған болатын. Ал биылғы 2018 жылы 15 жобаны іске асыру үшін 15,2 млрд теңге бөлінді.Қуантарлығы, 1 мың 475 ауылдықелді-мекенді жер асты су қорымен қамтамасыз ету үшін түрлі жұмыстар атқарылған болатын.

Осы міндет бойынша төмендегідей көрсеткіштер іске асырылып жатыр:

  1. Қалалық желілердегі ақауды азайту
  2. Қалаларда су тоғандарына ағызу кезінде, нормативтік тазартылған ағынды сулардың үлесі,
  3. Қалалық жүйелердегі су ысырабының деңгейі,
  4. Суды есепке алу құрылғыларын орнату.

Бүгінге дейін қалалардағы және ауылдардағы сумен жабдықтау және су бұру саласында 1684 жоба іске асырылды. Биыл 338 жобаны іске асыру көзделген, қалаларда – 53 жоба, ауылдарда – 285 жоба. Өңірлерді дамыту бағдарламасымен қатар сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі жобалар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылады. Жалпы, 23 мың шақырымға жуық желі салынды және реконструкцияланды. 2011-2017 жылдар кезеңінде халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі: қалаларда 82 пайыздан 93,8 пайызға дейін, ауылдарда 42,5 пайыздан 57,4 пайызға дейін өсті. Орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік қалаларда 73 пайыздан 88 пайызға дейін, ауылдарда 8,8 пайыздан 11,5 пайызға дейін өсті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауылдық сумен жабдықтауға жыл сайын барлық қаржы көздерінен 100 млрд теңгеден кем емес қаражат бөлуді тапсырған болатын.

Биылғы жылы Шығыс Қазақстанның тұрғындары үшін жағымды жаңалық күтіп тұр. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында шалғай елді мекен тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылып жатыр. 2 мыңнан астам халқы бар Шілікті ауылында су жүйесін тарту жұмыстары жаз айында басталған. Бұл мақсатқа мемлекет қазынасынан 639 миллион теңге бөлініпті. Жобаның аяқталу мерзімі келесі жыл болса да, мердігерлер желтоқсан айында таза су беруді жоспарлап отыр. Аудандағы игі өзгерістер жайында толығырақ осы облыстағы меншікті тілшіміз Болат Көкенайұлының репортажында. Айнабұлақ ауылында бұрын ауыз су да көгілдір отын да болмаған. Тұрғындардың әлеуметтік мәселелері бірінен кейін бірі шешімін тауып келеді.

Қазіргі таңда Айнабұлақ ауылының тұрғындары «су келді» деп абыр сабыр болып, қуанып жатыр. Ал Қытаймен шекарадағы Шілікті ауылында ауыз су тарту жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Мердігерлер 13 шақырым болатын құбырлар желісін тартып, су жинайтын қондырғы құрылысына кіріскен. Нысан басында 40 шақты ауыл тұрғыны еңбек етіп жатыр. Қазірдің өзінде жалпы жұмыстардың 65 пайызы аяқталыпты.

Келесі жылы Жаңатұрмыс, Қуаныш, Сарытерек ауылдарына да ауызсу тарту жобалары жасалып жатыр. Яғни көп ұзамай аудан толық сапалы тіршілік көзіне қосылады деген сөз. Сонымен қатар елдімекендерді газдандыру жұмыстары да қарқын алып келеді.

Бағдарлама бойынша Түркістан облысында 2020 жылға дейін қала тұрғындарының 97 пайызын, ауылдық елді мекен халқының 83 пайызын орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз ету жоспарланған. Осы бағытта,  2011-2016 жылдары 73,9 млрд теңгеге  268 нысанның құрылысы жүргізіліп, 178 елді мекендегі 469 мың адам жаңа орталықтандырылған су жүйелерімен қамтылған.  Облыстың даму жоспарына сәйкес, өңір халқын сапалы ауызсумен жабдықтау бойынша үш жылда 84 елді мекенді, яғни 209,7 мың адамды орталықтандырылған ауызсумен қамту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 35 елді мекенді ауызсумен қамтамасыз ету үшін биыл жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстағы қалалардың 93,4 пайызы, ал ауылдық елді мекендердің 73,6 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген.

Мұндай игі жұмыстар бүгінде Жамбыл өңірінде атқарылып, әкімдік тұрғындардың тілегін орындап келеді. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өткен жиында өңірде ауызсумен қамтылған ауылдар санының көбейе беретіндігі айтылды. Су – ырыс көзі, тіршілік бұлағы болғандықтан да, ауыл тұрғындары үшін ауылды ауызсумен қамту мәселесінің қарқынды жүргені құптарлық. Басқосуда Асқар Мырзахметов өңірді ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелері тиісті деңгейде жүргізіліп келе жатқанын, бұл мәселенің өзінің тікелей бақылауында екенін айтқан болатын.  Жамбыл облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашыл¬ық басқармасының басшысы Нұрлан Алдам¬жаров ауыз сумен қамту¬дың жайын айта келіп, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында 4 қала бойынша орталықтандырылған ауыз¬сумен қамту көрсеткіші 84,7 процентті құрағанын айтты. Оның сөзінше, қалалар бойынша саладағы көрсеткішті 2018 жылдың аяғына дейін 86 процентке жет¬кізу көзделген екен. «Бұл көрсеткішке қол жеткізу мақсатында Тараз қаласының «Бурыл А, Б, В» тұрғын алқабындағы сер¬вис¬тік желілердің құрылысына үстіміздегі жылы республикалық және облыстық бюджеттен 334,6 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде ұзындығы 46,2 шақырым болатын құбыр жүйелері жүргізілу үстінде. Сонымен қатар аталған алқаптың 12,3 шақырым су құбыры желілерін кеңейтуге арналған жалпы құны 183,5 миллион теңге болатын жобаға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылды», дейді басқарма басшысы.  Қазіргі кезде аталған екі жобаны тиіс¬ті мердігер компаниялар қолға алып, жұ-мысын бастап та кетіпті. Тағы бір айта ке¬тер¬лігі, «Тараз су» мекемесі облыс орта¬лығындағы Қант зауыты аумағында құны 205,6 миллион теңге болатын жоба бо¬йынша 8 көшеге 7,2 шақырым су құбырын тартып отыр. Аталған қаражат көзі Тараз қаласының бюджетінен бөлініп, бұл жұмыстар биылғы жылы аяқталатын болады. Мұның бәрі де әсіресе шалғайда тұратындарды ауызсумен қамтуда жақсы бастама болуда. Бүгінгі таңда Жамбыл өңірінде об¬лыстық маңызы бар үш қала бар. Қара¬тау және Жаңатас қалаларында орталық¬тан¬дырылған ауызсу мәселесі толығымен ше¬шілген. Нұрлан Алдамжаров бұл мәсе¬ленің Шу қаласында да шешімін табуы үшін осы бағытта нақты жобалар әзірлену керектігін жеткізді. Ал нақты көрсеткіш бойынша айтсақ, облыстағы 373 елді мекеннің 189-ы немесе 50,7 проценті орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Болашақта бұл көрсеткіш өсіп, ауылдар ауызсумен әрі қарай қамтыла беретін болады.

Ал Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы 43 елді мекеннің 16-сы биыл ауыз суға қол жеткізді. Халық саны бойынша бұл 37,2 пайызды құрайды. Үстіміздегі жылы 1 млрд 498 млн теңгеге Кеңес, Абай, Мырзатай, Тегістік ауылдарына ауыз су жүйесі құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарынан кейін ауыз сумен 20 елді мекен қамтылады деп жоспарланған. Ағымдағы жылдың 6 айында аудандағы ауылдардың 161 үйіне ауыз су кіргізілді. Атап айтар болсақ, Қызыл жұлдыз ауылында – 6, Бурыл ауылында – 21, Құмжота ауылында – 54, Түймекент ауылында – 62, Ынтымақ ауылында – 8, Жетібай ауылында – 10 үй ауыз сумен толық қамтылған.

Павлодар облысында 2022 жылға дейін ауылдық аймақтардың 70 пайызын орталықтандырылған ауызсумен қамту жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңмен атқарылмақ. Біріншіден, жерасты сулары қоры бекітіледі. Облыстағы 178 ауылда жерасты суының жеткілікті қоры бар екені анықталды. Сонымен қатар, 2018 жылдың соңына дейін тағы 22 елді мекеннің, 2019 жылы 11 ауылдың қорын анықтау бойынша шаралар атқарылады. Бүгінде жерасты суының қоры расталмаған 129 ауыл бар. Екіншіден, сумен қамту нысандарын салу және жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жасалады. Осы жылы 37 жоба бойынша құрылыс жүргізу және қайта құру жұмыстары жүзеге асырылуда. Олардың жалпы құны – 13,1 млрд теңге. Жыл соңына дейін 13 жоба жүзеге асырылып, сумен қамту көрсеткіші 23,8 пайыздан 27,9 пайызға дейін артады. Келесі жылы бұл көрсеткіш 29,6 пайызға жетуі тиіс.

«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында республиканың түкпір-түкпіріндегі елді мекендер ауыз суға қол жеткізіп, ахуалдарын түзетті. Аталмыш бағдарлама бойынша қалалар мен ауылдарды ауыз сумен қамту жұмыстары әлі де жалғасатын болады.

Ауылдық жерлерде кадрлар әлеуетін арттыру үшін 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба аясында 54 мыңнан астам маман 12,5 млрд теңге сомасына көтерме ақы алды, ал 23,5 мың маман 57 млрд теңге сомасында тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несиелер алды, олардың 70%-ға жуығы — жас мамандар. 2017 жылы 5 794 маманға әлеуметтік қолдау көрсетілді (2016 жылы – 5 655 маманға, 2015 жылы – 5 675 маманға, 2014 жылы – 6 495 маманға).

Бағдарлама аясында моноқалалардың экономикасын әртараптандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар зәкірлі жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Мысалы, 2017 жылы өңірлерде 7,7 мың жұмыс орнын құрумен 61 зәкірлі инвестициялық жоба іске асырылған, оның ішінде қазір 32 жоба пайдалануға берілген. 2018 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша тізім салалық облыс әкімдіктерінің ұсыныстарының негізіндегі, министрліктермен пысықталған моноқалалардағы 54 зәкірлі инвестициялық жобадан құралады. Зәкірлі жобалардың толық пайдалануға берілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар Ұлттық экономика министрлігі мен әкімдіктердің тұрақты бақылауынf алған.

Сұлтан Әбіш

Связанные Статьи