Ақтауда 22 мектептің жарық шамдары жаңартылмақ

/uploads/thumbnail/20181130144415755_small.jpg

Маңғыстау облысы әкімінің аппарат жиынында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Салимов энергия тиімділігімен энергия үнемдеуді арттыру шаралары туралы мәселені мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы «Электр энергиясын және энергия үнемдеуді дамыту институты» (Қазақэнергосараптама) АҚ-мен бірігіп Қарақия ауданының 2 білім беру ұйымында (Жетібай селосы №3 мектеп–84 миллион теңге, Мұнайшы селосы Балауса бала-бақша–24 миллион теңге) құны 108 миллион теңге құрайтын энергия үнемдеу технологияларын пайдалана отырып жөндеу жүргізілді. Нәтижеде 45%-ға дейін электр қуаты және 30%- ға дейін жылу үнемделді», - деді ол.

Сондай-ақ, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі қарай іске асыру үшін «Электр энергиясын және энергия үнемдеуді дамыту институты» (Қазақэнергосараптама) АҚ-мен бірге Ақтау қаласындағы 22 мектептің жарық шамдары жүйелерін пайдалану және жаңарту концепциясы жасақталғанын жеткізді. Құны 548,209 миллион теңгені құрайтын жобаға сәйкес, 22 072 дана жарықшам, 48 770 дана электр шамдарды ауыстыру қарастарылған. Нәтижесі: жылына 35,025 миллион теңге қаражатты немесе 44,68% дейін электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда  пилоттық тәртіпте қосылатын тұрғын үйлерде (15 ықшам ауданда 10 КҚТҮ) жылу, электр энергиясы, су үшін ортақ үйлік есепке алу аспаптары орнатылып, есепке алу аспаптарынан деректерді онлайн режимде алу іске асырылып отыр. Сондай-ақ ағымдағы жылдың аяғына дейін деректерді онлайн режимде беру мүмкіндігі бар және автоматтандырылған жылу пунктін орнату жоспарлануда. Бұл жылу беру маусымы кезінде 11,0 миллион теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи